AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды

Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды

Әлеумет Бүгін 12:32 28
Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды
Polisia.kz

Зорлықтың алдын алу қасыңдағы адамға назар аударудан басталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Зорлық-зомбылық – қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі. Елімізде өткен жылы 3,9 мың әйел мен  кәмелетке толмаған 543 жасөспірім жәбір көрген. Жалпы, жәбірленушілердің 80 пайыздан астамы әдеттегідей әйелдер мен балалар болып тұр.

Зардап шеккендер көп жағдайда «отбасының ісі ғой» деп үнсіз қалады. Айналасындағылар да «менің шаруам емес» деп көз жұмады. Сөйтіп, бір адамның қасіреті көп адамның көз алдында жылдар бойы жалғаса береді. Елімізде осы үнсіздікті бұзуға шақыратын «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды.

Науқанның идеясы қарапайым, бірақ өте маңызды: көмек алыстағы қандай да бір жауапты мекеменің араласуымен емес, қасыңдағы адамның жанашырлықпен назар аударуынан басталады. Көршіңіздің жүзіндегі мұң, әріптесіңіздің кенет тұйықталып кетуі, қоғамдық көлікте қасыңызда отырған жанның үрейлі көзқарасы – мұның бәрі көмек сұраудың үнсіз белгісі болуы мүмкін. Сондықтан ұйымдастырушылар ақпаратты кабинеттер мен ресми сайттарда қалдырмай, жұрт күнде жүретін әуежай, вокзал, университет сияқты жерлерге жеткізуді жөн көрді.

Науқан БҰҰ агенттіктерінің бастамасымен, Еуропалық Одақ және отандық серіктестердің қолдауымен халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» аясында 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін өтеді. Ол 24 қарашада Алматы әуежайы мен елдегі теміржол вокзалдарынан басталды. Күту залдарындағы орындықтарға науқанның түсі – қызғылт сары қаптар кигізілді, пойызға отырған жолаушыларға парақшалар таратылды. Екеуінде де QR-код бар. Оны телефонмен сканерлеген адам зорлықтың қандай түрлері барын, оны қалай тануға болатынын, көмекке қайда жүгіну керегін және жақынын қалай қолдауға болатынын біле алады. Яғни қажет ақпаратты көлік күтіп отырғанда бір минутта алуға болады.

Науқанның ресми ашылуы 25 қарашада Астанада өтті. БҰҰ агенттіктері Еуропалық Одақ өкілдігі мен Назарбаев Университетінің серіктестігімен ұйымдастырған жиында сарапшылар зорлық туралы білу жеткіліксіз, одан әрі нақты әрекет керек деген ойды алға тартты:. Дипломаттар, БҰҰ құрылымдарының өкілдері, заңгерлер, ғалымдар және «Қорғау-Астана» дағдарыс орталығының мамандары әділ сотқа қолжетімділікті, кінәлілерді жауапқа тартуды және зардап шеккендерге көрсетілетін көмекті сөз етті. Науқанды ЕО мен БҰҰ-ның CHANGE бағдарламасы қолдап отыр.

·       Спикерлер не айтты?

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Сарангоо Раднаараагчаа бұл 16 күн «Әйел құқығы – адам құқығы» екенін тағы бір мәрте еске салатынын айтты. Оның сөзінше, зорлық көргендердің тым көбі әлі де қорқынышпен және көмекке жүгінудегі кедергілермен бетпе-бет келіп жүр. Сондықтан заңнаманы жетілдіру нақты қорғауға, қолжетімді қолдауға және әділетке ұласуы керек. Биылғы жаһандық UNiTE науқаны әділет орнатуға, зардап шеккендерді қорғауға және жазасыздықты тоқтатуға шақырады.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич тұрмыстық және гендерлік зорлық біз ойлағаннан әлдеқайда жақын жерде, көршімізде, қоғамдастығымызда болып жатқанын жеткізді. ЕО мен БҰҰ бұл науқан арқылы үнсіздікті бұзып, немқұрайдылыққа қарсы тұруды және зорлық көргендерді қолдауды көздейді.

Зорлық көргендер айыпталудан және кек алудан қорқатыны, ал қоғамда кең таралған бұл  құқық бұзушылық әдетте қалыпты нәрсе саналатыны жасырын емес. Сайып келгенде, жауапкершілік – тек мемлекетте емес, әрбір адамда, отбасында және қоғамдастықта. Зорлыққа төзуге, онымен келісуге немесе оны елемеуге болмайды. Зорлықтың алдын алу қасыңдағы адамға назар аударудан басталады.

ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Скендер Сыла бұл шараға әрқайсымыз үлес қоса алатынымызды айтып, зорлық көрген адамды айыптамай тыңдау, оны кінәламау және қажетті көмек алуына жәрдемдесу қажеттігі жөніндегі ойын ортаға салды.

«Қасыңдағы адам» науқаны бір ғана жайтты еске салады: зорлық – жеке мәселе емес, бүкіл қоғамның ауыртпалығы. Заң қабылдау мен дағдарыс орталықтарын ашу – мемлекеттің міндеті. Ал зорлықты байқаған жағдайда үнсіз қалмау, зардап шеккен адамға көмектесу – әрқайсымыздың қолымыздан келетін іс.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы өтті

Бүгін 12:40

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті: экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

Бүгін 12:30

Алматылық дәрігерлер зейнеткердің бес башпайын алып тастап, аяғын сақтап қалды

Бүгін 12:25

Белгісіз вирус, 40 градусқа жуық қызу және мектептердің жабылуы: желіде тұмауға қатысты қандай қауесеттер тарап жатыр?

Бүгін 12:14

Қазақстанға Халит Эргенч келмейтін болды

Бүгін 12:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);