AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Белгісіз вирус, 40 градусқа жуық қызу және мектепт...

Белгісіз вирус, 40 градусқа жуық қызу және мектептердің жабылуы: желіде тұмауға қатысты қандай қауесеттер тарап жатыр?

Медицина Бүгін 12:14 13
Белгісіз вирус, 40 градусқа жуық қызу және мектептердің жабылуы: желіде тұмауға қатысты қандай қауесеттер тарап жатыр?
Фото: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Қайсысы нақты дерек, ал қайсысы ақпараттық әсірелеу екенін анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әр эпидемиологиялық маусымда әлеуметтік желіде «белгісіз вирус» туралы хабарламалар пайда болады. Биыл да тұмаудың ауыр өтіп жатқаны, қызу түсіретін дәрілердің көмектеспейтіні, ауруханалардың лық толғаны туралы ақпарат тарады. Қайсысы нақты дерек, ал қайсысы ақпараттық әсірелеу екенін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы таразылап көрді.
 
«Инфекционист қорқынышты вирустың пайда болғанын растады»
 
Әлеуметтік желілерде дәрігердің жаңа әрі қауіпті вирустың пайда болғанын растағаны туралы жазбалар жарияланды. Шын мәнінде, маман сұхбатында маусымға тән вирустар туралы айтқан. Олардың қатарында А(H1N1) тұмауы да бар. Белгісіз вирустың пайда болғанын растайтын дерек жоқ.
 
«Балалар инфекциялық ауруханалары лық толы, белгісіз вирус тарады»
 
Ауруханалардағы кезек түсірілген видеолар да жаңа инфекция туралы қауесетке себеп болды. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуімен түсіндірді. Алматыда бір апта ішінде 16 841 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы осы кеезеңмен салыстырғанда 2,6 есе аз.
 
«Мектептер қашықтан оқуға көшіп, жаңа жылдық ертеңгіліктер тоқтатылады»
 
Бұған сырқаттанудың өсуіне байланысты енгізілуі мүмкін шектеулер жайлы хабарламалардың көбеюі себеп болды. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берген кезде елдегі бірде-бір мектепте қашықтан оқытуға көшуге негіз болатын сырқаттану шегінен асу тіркелмеген. Ертеңгіліктерді өткізбеуге де негіз болмаған.
 
«Қазақстанда гонконг тұмауы тарап жатыр»
 
Қазақстанда «гонконг тұмауының ауыр түрі» таралып жатқаны туралы ақпарат қыркүйек айында да жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше белгілерге шағымданып, жаңа штамм пайда болуы мүмкін деген болжам айтқан. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұрын белгісіз жаңа вирустар анықталмағанын мәлімдеді.
 
Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?
 
Ведомствоның мәліметінше, елдегі эпидемиологиялық жағдай маусымдық деңгейге сәйкес келеді.

Соңғы аптада 133 052 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Сырқаттану 6,8%-ға төмендеді, ал эпидмаусым басталғалы бері көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға аз.
1 қыркүйектен бері тұмаудың 297 жағдайы зертханалық жолмен расталды. Оның 295-і - А(H1N1), екеуі - В типі. Басқа респираторлық вирустардың ішінде риновирус, бокавирус және аденовирус басым.
Тұмауға қарсы екпені 2 миллионнан астам адамға салдырды. Елде 13 335 инфекциялық төсек-орын дайындалған, қазір олардың толымдылығы 68%, оның ішінде балалар төсек-орындарды - 72%.

Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізеді.
 
Дәл осындай фейктер 2025 жылы да тараған:

  • жаңа «гонконг» тұмауы штамы пайда болды деген ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растамады.

  • дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілердің жоғалуы - фармацевтикалық бақылау комитеті дәрі қоры жеткілікті екенін хабарлады;

  • апталап түспейтін дене қызуы мен лық толы емханалар;

  • пневмония тудырады делінетін халықтың «жаппай улануы»;

  • Маңғыстау облысының санитариялық қызметтері теріске шығарған тұмаудан ондаған адамның көз жұмғаны туралы аудиохабарламалар.

Маусымдық инфекциялар ауыр өтуі мүмкін. Медициналық көмекке жүгінушілер санының артуы да шынайы жағдай. Аурудың өтуі адамның денсаулық жағдайына, иммунитетінің ерекшеліктеріне және вакцина алуына байланысты болуы мүмкін.

Орталық ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге, тексерілмеген хабарламаларды таратпауға, сондай-ақ үрей туғызатын тақырыптар мен контекстен үзіп алынған пікірлерге сенбеуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға Халит Эргенч келмейтін болды

Бүгін 12:10

Азаматтық кодексті жаңарту кезіндегі құқықтық сабақтастық: реформа азаматтық айналымның тұрақтылығын нығайтуға тиіс

Бүгін 11:44

Өзбекстанның 100-ден астам компаниясы Алматыда сауда және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды

Бүгін 11:29

Балаларды түнде автобусқа отырғызуға тыйым салынады

Бүгін 11:05

Алматыда қоғамдық тамақтану орындарының жазғы террасасы мен алаңын орналастыру тәртібі өзгерді

Бүгін 10:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);