«Сұлтан Сүлеймен» телесериалында басты рөлді сомдаған түрік актері Халит Эргенч қазақстандық көрерменмен кездеспейтін болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұған дейін актермен Алматы мен Астанада кездесулер өтетіні хабарланған. Бастапқыда кездесу 14 қыркүйекте өтеді делінген. Одан кейін 23 қарашада Астанада, 25 қарашада Алматыда өтетін болды.
Алайда Астанадағы Республика сарайының Instagram парақшасында іс-шаралар билеттердің жеткілікті көлемде сатылмауына байланысты тоқтатылғаны жазылды.
Содан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желідегі пікірлерінде бұл туралы алдын ала ескертілмегеніне наразылық білдіріп жатыр.