AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетіні...

«Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы өтті

Мәдениет Бүгін 12:40 20
«Астана Опера» театрында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Балет идеясына сақ патшайымы Томиристің өмір жолы негіз болған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында «Астана Опера» театрының сахнасында «Томирис» ұлттық балетінің әлемдік премьерасы өтті. Екі актілі қойылым Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен сахналанды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық мәдениетті дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дәріптеуге айрықша мән беріп келеді. Ұлы даланың сан ғасырлық тарихын арқау еткен «Томирис» балеті тарихи сананы жаңғырту және ұлттық мұраны қастерлеу идеясын өнер арқылы жеткізеді. Қойылым Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының кіріспесінде айқындалған құндылықтармен үндеседі.

Премьераны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Эстонияның Мәдениет министрі Хейди Пурга, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька, агенттіктің бас директоры Оливер Неггли, драматург Ермек Аманшаев, театр және музыка сыншысы, Әзербайжан ұлттық консерваториясының профессоры Улькяр Алиева, италиялық кино және телевизия қайраткері, жазушы Марко Маррокко, италиялық маэстро Джузеппе Акуавива, Құрылтай депутаттары, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық Паралимпиада комитетінің және ұлттық допингке қарсы ұйымдардың басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, отандық және шетелдік мәдениет пен өнер қайраткерлері тамашалады.

Балет идеясына сақ патшайымы Томиристің өмір жолы негіз болған. Басты кейіпкердің тағдыры арқылы азаттық, отансүйгіштік және адалдық секілді құндылықтар дәріптеледі.

«Томирис» – «Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы арнайы әзірлеген тұңғыш толыққанды екі актілі ұлттық балет. Музыкасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хамит Шаңғалиев жазған. Қоюшы хореографы – Сұлтанбек Ғұмар, либретто авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев.

Қойылымда классикалық балет үлгілері, қазақ биінің элементтері, ұлттық әуен мен заманауи хореография үйлесім тапқан. Сахнаны көркем безендіру және жарық беру тұжырымдамасын жапониялық сценограф Йоко Сеяма әзірледі. Ал костюм суретшісі Дариға Тайшықова сахналық киімдерді дайындауда сақ дәуірінің ерекшелігін негізге алған.

Спектакль аяқталған соң, Арман Қырықбаев театрдың шығармашылық ұжымымен кездесіп, премьерамен құттықтады. Министр өз сөзінде ұлттық мәдени мұрамыздың байлығын танытатын төл туындыларды сахналаудың айрықша маңызын атап өтті.
Сонымен бірге қойылым авторларына, көркемдік жетекшілерге, әртістерге және спектакльдің сахналануына атсалысқан барша театр мамандарына алғыс білдірді.

«Томирис» балетінің әлемдік премьерасы еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Жаңа туынды театр репертуарын байытып қана қоймай, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын заманауи сахна өнері арқылы кеңінен насихаттауға жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды

Бүгін 12:32

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті: экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

Бүгін 12:30

Алматылық дәрігерлер зейнеткердің бес башпайын алып тастап, аяғын сақтап қалды

Бүгін 12:25

Белгісіз вирус, 40 градусқа жуық қызу және мектептердің жабылуы: желіде тұмауға қатысты қандай қауесеттер тарап жатыр?

Бүгін 12:14

Қазақстанға Халит Эргенч келмейтін болды

Бүгін 12:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);