AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер зейнеткердің бес башпайын алы...

Алматылық дәрігерлер зейнеткердің бес башпайын алып тастап, аяғын сақтап қалды

Медицина Бүгін 12:25 33
Алматылық дәрігерлер зейнеткердің бес башпайын алып тастап, аяғын сақтап қалды

Мамандар қант диабетімен ауыратын жандарға аяқ күтіміне ерекше мән беруге кеңес береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы дәрігерлері қант диабетінің ауыр асқынуына шалдыққан 64 жастағы әйелге күрделі ота жасап, аяғының мүмкіндігінше көп бөлігін сақтап қалды.

Қант диабеті асқынған жағдайда аяқтағы болмашы жараның өзі үлкен қауіпке айналуы мүмкін. Әсіресе қан айналымы бұзылып, жүйке талшықтары зақымданса, жараның жазылуы қиындайды. Кейде оған инфекция қосылып, іріңді жара тереңдей түседі. Мұндайда дер кезінде ем қабылдамаса, аяқтың бір бөлігін, тіпті тұтас аяқты кесуге тура келуі ықтимал.

Алматының №2 қалалық клиникалық ауруханасына түскен әйелдің оң аяғында іріңді-некроздық өзгерістер анықталған. Инфекцияның әрі қарай жайылу қаупі жоғары болған.

Ота кезінде оң аяқтың бес башпайы түгел алынды. Ал тобық тұсы мен табанның тірек қызметіне қатысы бар сүйек құрылымдары сақталды.

Мұндай ота хирургтен үлкен дәлдік пен мол тәжірибе талап етеді. Өйткені инфекция жайлаған, жансызданған тіндерді толық алып тастау керек. Сонымен қатар сау тіндер мен аяқтың тірек қызметіне қажет құрылымдарға зақым келтірмеу маңызды. Сондықтан хирург әр қимылын байыппен жасап, алынатын тіннің көлемін дәл анықтауы қажет.

Күрделі отаны ота жасау бөлімінің меңгерушісі Нұрхат Есенбеков жасады. Ол науқастың емдеуші дәрігері де болды. Ота 1 сағат 15 минутқа созылды. Хирургке Диас Мырзаш көмекші болды. Анестезияны Мамуржан Юлдашов жүргізсе, оталық медбике қызметін Алшын Болысбаева атқарды.

«Ауыр зақымдану кезінде ота көлемін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Жансызданған тіндерді толық алып тастау қажет, сонымен бірге сау құрылымдарды сақтап қалуға күш саламыз. Бұл үлкен дәлдік пен жауапкершілікті талап етеді. Науқас та аяғын сақтап қалуды қатты қалады. Біз оның тілегін ескеріп, медициналық мүмкіндіктерді барынша пайдаландық», - дейді Нұрхат Есенбеков.

Отадан кейін жара бірнеше рет қайта өңделіп, жергілікті ем жүргізілді. Емдеу барысында хирургия саласының жоғары санатты маманы, диабеттік табан синдромын емдеуде көп жылдық тәжірибесі бар Асқар Әлімжанов та кеңес беріп, қолдау көрсетті.

Арада алты ай өткенде науқас дәрігерлердің қабылдауына қайта келді. Бұл - мұндай күрделі дертті емдеу ота жасаумен бітпейтінін аңғартатын жайт.

Мамандар қант диабетімен ауыратын жандарға аяқ күтіміне ерекше мән беруге кеңес береді. Аяқтың табанын, өкшесін, башпайлардың арасын күн сайын қарап отырған жөн. Терідегі жарық, жара, күлдіреуік пен сүйелді елемей жүре беруге болмайды. Аяқ қызарып, ісінсе, терісінің түсі не температурасы өзгерсе, дәрігерге қаралған дұрыс.

Ең бастысы, ауырсыну болмаса да, жарақатты назардан тыс қалдырмау керек. Өйткені қант диабеті кезінде жүйке талшықтары зақымданып, адам аяқтағы жараны немесе жарақатты сезбей қалуы мүмкін. Қандағы қант мөлшерін бақылап, дәрігер белгілеген тексерулерден де уақтылы өтіп тұрған жөн.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Қасыңдағы адам» науқаны бастау алды

Бүгін 12:32

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі 2027 жылға арналған бюджетті бекітті: экономиканы қолдауға 8 трлн теңге бағытталады

Бүгін 12:30

Белгісіз вирус, 40 градусқа жуық қызу және мектептердің жабылуы: желіде тұмауға қатысты қандай қауесеттер тарап жатыр?

Бүгін 12:14

Қазақстанға Халит Эргенч келмейтін болды

Бүгін 12:10

Азаматтық кодексті жаңарту кезіндегі құқықтық сабақтастық: реформа азаматтық айналымның тұрақтылығын нығайтуға тиіс

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);