AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мүгедек адамдарға арналған интернат-үй...

Қазақстанда мүгедек адамдарға арналған интернат-үйлер тексеріледі

Әлеумет 12.01.2023, 11:22 1,298
Қазақстанда мүгедек адамдарға арналған интернат-үйлер тексеріледі
Сурет: MED-pension

Бұл туралы министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі барлық 116 медициналық-әлеуметтік мекемеге тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еңбек министрінің айтуынша, мүгедектігі бар адамдар бар отбасылар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Осы мақсатта әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау жоспарланып отыр.



«Біріншісі – барлық 116 медициналық-әлеуметтік мекемеге арнайы қызмет көрсету стандарттарының сақталуына тексеріс жүргізіледі. Олардың қорытындысы бойынша өңір әкімдерімен бірлесіп функционалдық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданады», - деді Дүйсенова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.



Екіншісі – сыйымдылығы аз үйлерді, әсіресе, ауылдағы үйлерді қолдау және дамыту. Бүгінгі таңда осындай 20 үй жұмыс істейді, олардың базасында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің жан басына шаққандағы нормативтері сынақтан өткізіледі. Пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тарифтеу жүйесі дайындалады.


Үшіншісі – құралдар немесе тауарлардың жекелеген түрлерін кезең-кезеңімен монетизациялау басталады.



«Облыс орталықтары деңгейінде қымбат және заманауи техникалық компенсаторлық құралдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар парктері құрылады. Жоба "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен іске асады», - деді министр.



Төртінші қадам – мүгедектігі бар адамдарды қоғамға тез интеграциялау үшін 12 оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.



«Биыл Семей және Кентау қалаларында оңалту орталықтары пайдалануға беріледі. Олар 1 шілдеден бастап алғашқы қызмет алушыларды қабылдайды», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.



Сондай-ақ биыл 1 ақпаннан бастап Әлеуметтік қызметтер порталының жаңа форматы жүзеге асады. Министрдің айтуынша, порталда тауарлар мен қызметтердің параметрлері туралы толық ақпарат ұсынылады, жеткізушілерге және тауар сапасына жаңа әрі қатаң талаптар қойылады.


Бұдан бөлек, мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы жеткізушілердің іс-әрекетіне шағымдану мүмкіндігі беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернат #тексеру #мүгедек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);