AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақстанда күніне 42 бала қылмыс құрбаны болады:...

Қазақстанда күніне 42 бала қылмыс құрбаны болады: жантүршігерлік статистика не дейді?

Мұны білген жөн 02.06.2025, 11:30 1,590 Дина
Қазақстанда күніне 42 бала қылмыс құрбаны болады: жантүршігерлік статистика не дейді?
Сурет: ЖИ

Бала – адамның бауыр еті. Кез келген ата-ана баласы десе, жанұшырып, оның қауіпсіздігі мен болашағына алаңдайды. Десе де кейде баланың жан дүниесін, қоршаған ортасын жіті қадағалап үлгермей, олардың қайғылы жағдайларға тап болуына жол беріп қоятынымыз бар. Осы орайда, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Aqshamnews.kz тілшісі соңғы жылдардағы балаларға қарсы жасалған қылмыстар туралы тың деректерді зерттеп, арнайы материал ұсынады.

"46 мыңға жуық бала зәбір көрген"

Қазақстанда соңғы үш жылда кәмелетке толмағандарға қарсы 45 970 қылмыс тіркелген. Бұл — жай ғана сандар емес, әрқайсысы — бір баланың тағдыры. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті ұсынған деректерге сүйенсек, бұл қылмыстардың 7714-і аса ауыр деп танылған.

2023 жылы – 16 810,
2024 жылы – 25 348,
2025 жылдың алғашқы төрт айында – 3812 қылмыс тіркелген.

Аса ауыр қылмыстар саны да жылдан жылға өсіп келеді. Оның ішінде:

  • Зорлау (ҚК 120-бабы): 3 жылда 3311 жағдай (2024 жылы – 1710, 2023 жылы – 1388, 2025 ж. қаңтар–сәуір – 213);

  • Сексуалдық сипаттағы өзге де мәжбүрлеулер (ҚК 123-бабы): 3 жылда 140 жағдай;

  • Өзін-өзі өлтіруге жеткізу (ҚК 105-бабы): 1802 дерек тіркелген.

45 970 қылмыстың тіркелгенін алып қарар болсақ, үш жылдағы күндерге бөлгенде, бір күнде - 42 бала қылмыс құрбаны болған. Бұл - алаңдатарлық жайт. 

инфографика: aqshamnews.kz

"Ұят болады" мен "ешкім сенбейді"-нің арасында қалған үнсіздік

Психолог Ұлмекен Сәндібекқызы аталмыш цифрлар қоғамның үнсіз қалмауын талап ететінін айтты. Ол сондай-ақ, зорлық-зомбылық көрген баланың психологиясын түсіндіріп, ата-аналарға дабыл қақты. 

Ұлмекен Сәндібекқызы

практик-психолог, гештальт-терапевт

“Тәжірибемде кездескен кейстерге сүйенсем, көбінде “ұят болады, қорықтым,  бопсалады, сенімді адам болмады, ешкім сенбейді, өзімнен көреді”-деген сияқты сөз тіркестерін естимін. Бұл — үнсіз қалуға итермелейтін тұйық шеңбер. ”, – дейді маман.

Психологтың айтуынша, баланы қоғамнан емес, сенімсіз ортадан сақтау керек. Егер ата-ана баласымен ашық сөйлесе алмаса, ол қиын сәтте жалғыз қалады. Бұл – зорлықтың алдын алудағы басты қауіптердің бірі.

"Алдын алу – әңгімеден басталады"

Ұлмекен Сәндібекқызы ата-аналарға балалармен жиі ашық сөйлесу керектігін айтты

“Баламен ашық сөйлесу, оның эмоциясын танып үйрену – зорлыққа қарсы ең мықты қалқан. Жеке шекарасын сезінетін, сенімді ортасы бар бала – әлсіз болмайды. Ол көмекті өзі сұрай алады. Зорлану да жоғалтуға жатады. Сол себепті қайғырудың 5 кезеңінен өтеді (шок сәті, мойындамау әрі оқшаулану, саудаласу, күйзеліс, қабылдау). Бұл процесстерді арнайы маманның көмегімен өткен абзал”, – дейді психолог.

Балаға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, сенім артуды, кибербуллинг секілді жаңа қатерлерге қарсы тұру жолдарын да айту қажет. Бұл – тек ата-ананың ғана емес, жүйелі профилактикалық саясаттың міндеті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #1 маусым #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);