AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / “Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқты...

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Оқиға Бүгін 13:21 40 Дина
“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Алматыда Қытайдан тауар жеткізумен айналысқан Арайлым Қожамұратоваға қатысты сот үкімі шықты. Әлеуметтік желіде Айс Мұратова деген атпен танылған кәсіпкер алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желі арқылы Қытайдан жиһаз, тұрмыстық техника мен ыдыс-аяқты көтерме бағамен жеткізіп беруге уәде еткен. Негізінен бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлермен жұмыс істеген. Клиенттер тауар үшін ақшаны оның және туыстарының шоттарына аударып отырған.

Іс бойынша жалпы шығын көлемі 4,5 миллиард теңгеден асқан. Жәбірленуші ретінде 290 адам танылды.

Сот процесі жарты жылдан астам уақытқа созылды. Сот Қожамұратованы 12 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жаза бір жылға кейінге шегерілді. Сондай-ақ ол жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Бұл іс бойынша тағы 12 адам 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар әлеуметтік желі жүргізіп, клиент тартумен және қойма жұмысымен айналысқан.

Жәбірленушілер сот үкімімен келіскен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46

Алматыда Жеңіс күні аталып өтіп, соғыс қаһармандарының рухына тағзым етілді

Бүгін 12:05

Қазақстандық 8 боксшы Азия чемпионатында медальға ілікті

Бүгін 11:32

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);