AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда есірткі өндіретіндер өмір бойына сотта...

Қазақстанда есірткі өндіретіндер өмір бойына сотталуы мүмкін

Әлеумет 06.08.2024, 10:20 941
Қазақстанда есірткі өндіретіндер өмір бойына сотталуы мүмкін
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда есірткі зертханалары санының өсуі байқалады.

Осы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасы жойылған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда осындай 11 факт анықталған. Eкінші орынды Алматы облысы иеленген. Бұл өңірден полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойыпты. Есірткі өндірушілерден 200 кг-нан астам “синтетика” және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленген.

Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылған. Шілде айының соңында үш астаналық тұрғын ұсталыпты. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Олар барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс беріп отырған. Күдіктілерден 20 кг дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленген. Араға он күн салып, полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылық тұрғынды ұстады. Ол тұрып жатқан үйдің төбесін тінту кезінде мефедрон, прекурсор, тыныс алу маскасы, есірткі синтезіне арналған жабдық тәркіленген. Қаскөйдің “виртуалды” кураторлары дайын есірткінің килограмы үшін 1,5 млн теңге төлеуге уәде берген көрінеді. Есірткі өндірісі үшін бұл жігіттің 15 жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырылатыны анық.

Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралуда. Бұл бастамаларды қоғам қолдайды. Сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #парламент #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Бүгін 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Бүгін 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Бүгін 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика