конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда баспана бағасы бір жылда 26,9% дейін қ...

Қазақстанда баспана бағасы бір жылда 26,9% дейін қымбаттады

Әлеумет 08.12.2022, 06:23 969
Қазақстанда баспана бағасы бір жылда 26,9% дейін қымбаттады
Сурет: Almaty.tv

Жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті.


Бір жылда Қазақстанда екінші нарықтағы және жаңадан салынған үйлер 26,9% дейін қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бір жылда (2022 жылғы қараша – 2021 жылғы қараша аралығында) пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті.


Биылғы қарашада пәтерді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 48,6% артты.


Өңірлер бойынша: бір жылда жаңа үйлер Ақтөбеде 30,3%, Семейде 26,9%, Ақтауда 25% қымбаттады. Екінші нарықтағы үйлер Талдықорғанда 44,6%, Ақтауда 43,3%, Семейде 42,8%, Ақтөбеде 42,4%, Астанада 41,7%, Қызылордада 41,2% өсті. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында бағалардың ең көбі Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%) және Қостанай қалаларында (54,5%) өсті.


Ал бір айдағы статистикаға жүгінсек (2022 жылғы қараша 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда), екінші нарықтағы баспананы қайта сату бағасы 1%, жаңа тұрғын үйлер 1,2% қымбаттады. Пәтер арендасы алдыңғы аймен салыстырғанда, керісінше 2,4% төмендеді.



«Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты сату операцияларын жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз. Бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросы баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #баспана #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Ашықтық пен азаматтардың қатысуы артады»: халықаралық сарапшы Қазақстан Құрылтайының реформасын жоғары бағалады

Бүгін 22:27

ӘЧ жұлдызы Возинья жаңа клуб тапты: Кабо-Верде қақпашысы Чилиге ауысады

Бүгін 16:45

Дастан Сәтпаев "Челси" сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Бүгін 15:19

Көкшетауда көлік жуу кешенінде 18 жастағы жігіт тоқ соғып, көз жұмды

Бүгін 14:29

Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалана алады

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);