конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымд...

Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады

Әлеумет Бүгін 12:00 49
Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады

2026 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Апта ішінде пияздың бағасы 4,9%, картоп 4,1%, алма 2,7%, ақ қауданды қырыққабат 2,2%, сәбіз 1,9%, қияр 1,5%, қой еті, оның ішінде сүйексіз ет 0,6%, қызанақ 0,4% арзандады.

Есепті аптада бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының, қаймақтың, сары майдың және тұздың бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қарағандыда – 0,7%-ға, Көкшетау мен Өскеменде – 0,5%-ға, Қонаевта – 0,4%-ға, Жезқазған мен Талдықорғанда – 0,3%-ға төмендеді.
Астана, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл және Семей қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 188 теңгені құрады. Бұл ретте ең төмен баға Түркістан қаласында – 135 теңге деңгейінде тіркелді.

Картоптың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 248 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Павлодарда – 180 теңге, Түркістанда – 218 теңге деңгейінде қалыптасты.
Ел бойынша алманың орташа бағасы 1 килограмына 776 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкент қаласында – 639 теңге деңгейінде тіркелді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.

*Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-НҚ бұйрығымен бекітілген және 31 атаудағы азық-түлік өнімдерін қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 12:48

Саналы шешімге үндеген үндеуге Алматының түрлі сала өкілдері қосылды

Бүгін 11:51

BI Group 1 000 пәтер таратады, қазақстандықтардың жеке деректері сатылып жатыр - осы тектес жалған ақпараттар терістелді

Бүгін 11:22

Алматыда 23 тамызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Бүгін 10:56

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар

Бүгін 10:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);