Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда алғаш рет 1 млн гектар жер егіс алқапт...

Қазақстанда алғаш рет 1 млн гектар жер егіс алқаптарын әртараптандыруға бөлінді

Әлеумет 04.05.2025, 12:03 656
Қазақстанда алғаш рет 1 млн гектар жер егіс алқаптарын әртараптандыруға бөлінді
gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда. Биыл алғаш рет әртараптандыру шаралары шамамен 1 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қамтиды.

Бағдарлама ішкі және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие, табысты дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға бағытталған. Негізгі мақсат — ауыл шаруашылығы секторының бір ғана дақылға, ең алдымен дәнді дақылдарға тәуелділігін азайту және тұрақты, теңгерімді ауыл шаруашылығы өндірісіне көшу.

2025 жылы бұршақ, майлы және мал азықтық дақылдардың егіс көлемі едәуір артады деп күтілуде. Атап айтқанда, майлы дақылдардың егіс көлемі 378 мың гектарға өсіп, 3,3 млн гектардан асады. Күнбағыс тұңғыш рет 1,4 млн гектарға дейін егіледі — бұл өткен жылмен салыстырғанда 121 мың гектарға артық. Сонымен қатар, зығыр егісі 181 мың гектарға, қыша — 52 мың гектарға, рапс — 28 мың гектарға ұлғаяды.

Мал азықтық дақылдардың егіс көлемі 127 мың гектарға арттырылып, мал шаруашылығының жем-шөп базасын нығайтуға, егіс айналымын жақсартуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.

Соңғы екі жылда бидай егіс көлемі 750 мың гектарға қысқарды, оның ішінде 2025 жылы — 187 мың гектарға. Бұл ретте нарықтық жағдай мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, арпа егіс көлемі 158 мың гектарға, қарақұмық — 41 мың гектарға ұлғаяды.

Өткен жылғы қант қызылшасының өнімділігіне байланысты биыл оның егіс көлемі 6,7 мың гектарға қысқарып, 18,4 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, ұйымдасқан шаруашылықтар ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында картоп егісін 11,3 мың гектарға арттырады.

Су ресурстарын үнемдеу мақсатында мақта егіс көлемі 135 мың гектарды құрайды. Оның ішінде заманауи тамшылатып суару технологиялары қолданылатын алқап 50 мың гектарға дейін ұлғайтылады, ал дәстүрлі әдіспен егілетін көлем 21,4 мың гектарға қысқарады.

Жалпы алғанда, 2025 жылғы егіс алқаптарының құрылымы елдің негізгі өнімдерге деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Ауыл шаруашылығы #дақыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика