Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 27 моноқалада 1,4 млн халық тұрады

Қазақстанда 27 моноқалада 1,4 млн халық тұрады

Әлеумет 23.12.2022, 03:37 1,058
Қазақстанда 27 моноқалада 1,4 млн халық тұрады
Сурет: Ашық дереккөз

1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар екенін баяндады.
1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді.


2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл - ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29 пайызы.


Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды.


Бұл жобалар моноқалаларда тау-кен металлургия және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, машина жасау және басқа салаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.


Жалпы, оларды одан әрі дамыту үшін тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту, елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.


Бұл тәсілдер қолдау тапты.


Осы орайда Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы бекіткен даму бағдарламаларын орындау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, сондай-ақ өңірлік экономиканы әртараптандыру және азаматтарды жұмыспен қамту үшін келешегі бар «зәкірлі» жобалардың тізбесін өзектендіру қажеттігін атап өтті.


Сонымен қатар отырыста теміржол машинасын жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық #моноқала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика