Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан - ТМД-да УҚТ-радио желісін іске асырған...

Қазақстан - ТМД-да УҚТ-радио желісін іске асырған алғашқы ел

Әлеумет 02.01.2026, 16:47 473
Қазақстан - ТМД-да УҚТ-радио желісін іске асырған алғашқы ел
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің бірыңғай ведомствоаралық радио желісінде жұмыс басталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Соңғы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында аумақтың едәуір ұзақтылығына байланысты әрбір өңірде УҚТ-радиобайланыс жүйесі дербес қалыптасты. Техникалық шешімдердің бытыраңқылығы, бірыңғай стандарттың болмауы және өңіраралық өзара іс-қимылдың шектеулі мүмкіндіктері, әсіресе төтенше жағдайларда бөлімшелерді басқару тиімділігін айтарлықтай төмендетті.

  Байланыстың орнықтылығына, сенімділігіне және жеделдігіне қойылатын өсіп келе жатқан талаптар республикалық деңгейдегі бірыңғай орталықтандырылған УҚТ-радиобайланыс жүйесін құруға негіз болды.

  Осы міндетті іске асыру үшін Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық Ұлан және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

  Жұмыс тобының қызметі шеңберінде ведомствоаралық радиожеліні құру қағидаттарын, радиоқамтудың басым аймақтарын айқындауды, инфрақұрылым объектілерін орналастыруды, сондай-ақ басқару тиімділігін және күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын арттыру мақсатында жобаны іске асырудың кезеңділігін қоса алғанда, оны ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды және пысықталды.

  Қабылданған шешімдердің қорытындысы бойынша негізгі елді мекендер мен негізгі көлік бағыттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының негізгі бөлігінде радиоқамтуды басым қамтамасыз ете отырып, желіні кезең кезеңмен өрістету көзделген. Жыл бойы базалық станцияларды орнату бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілді.

  Қойылған міндетті іске асыру еліміздің барлық өңірлерін бірыңғай радио желісіне біріктіруге мүмкіндік берді және оны одан әрі кеңейту үшін, оның ішінде шалғайдағы аудан орталықтары мен жетуге жолы қиын аумақтарды қамту есебінен жағдай жасады.

  Жүйені одан әрі дамыту шеңберінде 2026 жылы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада тұрақты радиосигналды қамтамасыз ету үшін қосымша базалық станцияларды сатып алу көзделген.

  SmartOne диспетчерлік платформасын қолдана отырып, аудандық бөлімшелердің цифрлық ретрансляторларын ірі ауылдық елді мекендерде, шалғайдағы объектілерде, автожолдарда және орман алқаптарында радиобайланысты қамтамасыз ету үшін кейіннен оны ұлғайта отырып, транкингтік желіге біріктіру жоспарлануда.

  Дамудың келесі маңызды кезеңі транкингтік желілер, 3G/4G/LTE кең жолақты қолжетімділік желілері және Интернет желілері корреспонденттерінің жұмысын бірыңғай коммуникациялық кеңістікте біріктіруге мүмкіндік беретін HyTalk коммутациялық жабдығын пайдалана отырып байланысты ұйымдастыру болады.

  Айта кету керек, Қазақстан Республикасы ТМД кеңістігінде бұндай ауқымдағы және аумақтық қамтудағы радио желісін іске асырған алғашқы ел болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #ТМД #УҚТ-радио желісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика