Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда...

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Білім және ғылым Бүгін 12:36 42
Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды
Ғылым академиясы

Қазақстанда су ресурстарын басқарудың жаңа кезеңі басталуы мүмкін. Алматыда өткен халықаралық кездесу барысында су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған DeepBAS атты жасанды интеллект негізіндегі интеграцияланған жүйе таныстырылды. Жоба су тапшылығын болжауға, тасқын мен құрғақшылық қаупін алдын ала анықтауға және су қорын тиімді бөлуге мүмкіндік береді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиын 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында өтті. Оған Қытай Ғылым академиясы, Чжэцзян технологиялық университеті, қазақстандық және қытайлық ғалымдар, сондай-ақ салалық мекемелердің өкілдері қатысты.

Қазақстан үшін су мәселесі жыл өткен сайын өткірленіп келеді. Мамандардың айтуынша, елдегі су ресурстарының 44,3 пайызы трансшекаралық, яғни көрші мемлекеттерге тәуелді. Ал алынған судың тек 42 пайызы ғана соңғы тұтынушыға жетеді, қалғаны жол-жөнекей ысырап болады. Бұған қоса, 13 мың шақырымнан астам суару арналарының едәуір бөлігі толық цифрлық бақылауға алынбаған.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, мәселе тек су тапшылығында емес. Негізгі түйткіл – су туралы нақты әрі сенімді деректің аздығында.

"Бүгінде су ресурстарын басқару жүйесі әлі де бытыраңқы күйде. Бағалаулар көбіне ескірген зерттеулерге сүйенеді. Бұл бізде тек су тапшылығы ғана емес, су туралы сенімді білімнің де жетіспейтінін көрсетеді", – деді ол.

Сарапшылардың мәліметінше, Тянь-Шань аймағындағы мұздықтардың 50 пайызға дейінгі бөлігі жойылған. Бұл алдағы онжылдықтарда су қорының күрт азаюына әсер етуі мүмкін. Климаттың өзгеруі, мұздықтардың шегінуі, құрғақшылық пен тасқындардың жиілеуі де жағдайды ушықтырып отыр.

Осыған байланысты ұсынылған DeepBAS (Deep Basin Spatiotemporal AI) жобасы су шаруашылығын басқарудағы ескі тәсілден жаңа цифрлық модельге көшуді көздейді. Жүйенің басты ерекшелігі – ұлттық су жүйесінің “цифрлық егізін” құру. Яғни, нақты деректер мен жасанды интеллект көмегі арқылы елдегі су айналымын модельдейтін біртұтас интеллектуалды платформа жасалады.

Бұл жүйе:
- құрғақшылық пен тасқын сценарийлерін болжауға,
- су ағындары мен су қорын алдын ала есептеуге,
- су ресурстарын тиімді бөлуге,
- суару жүйелерінің жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жиында DeepBAS-пен қатар SHANG SHAN (Tuduo) және SIGMA платформалары да таныстырылды. Олар кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау, мониторинг жүргізу және болжам жасау бағытында пайдаланылмақ.

Ғалымдар дайын шетелдік шешімдерді сол күйінде көшіру жеткіліксіз екенін айтады. Қазақстанның табиғи-географиялық, гидрологиялық ерекшеліктеріне сай бейімделген, жергілікті жағдайға жұмыс істейтін модель қажет. Сондықтан жаңа жүйе жерүсті және жерасты сулары, климаттық және гидрологиялық бақылаулар, Жерді қашықтан зондтау деректері, топырақ, инфрақұрылым және аграрлық жүктеме туралы мәліметтерді бір жерге шоғырландыруы тиіс.

Айта кетейік, Академия 2025 жылдан бері Қытайдың ғылыми және технологиялық ұйымдарымен тұрақты серіктестік орнатқан. Осы ынтымақтастық аясында Қазақстан–Қытай халықаралық бірлескен зертханасы да құрылған. Ол кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект пен тұрақты даму бағыты бойынша жұмыс істейді.

Іс-шара барысында білім беру саласындағы бірлескен бастамалар да назардан тыс қалмады. Чжэцзян технологиялық университетімен бірге жүзеге асырылып жатқан «Жасанды интеллект» қос дипломды бағдарламасының студенттеріне сертификаттар табысталды. Сонымен қатар робототехника бойынша жаңа қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды.

Осылайша, Алматыдағы бұл кездесу тек ғылыми басқосу емес, Қазақстанның су қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жаңа технологиялық бағыттың бастамасы ретінде бағаланып отыр. Егер DeepBAS жобасы толық іске қосылса, елдегі су ресурстарын басқару жүйесі анағұрлым нақты, ашық және тиімді бола түспек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #су #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика