Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің бо...

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Білім және ғылым Бүгін 14:01 34
Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде қазақстандық ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Шәріпбек Әмірбеков сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда ғылымның мемлекет пен тәуелсіздікке қалай әсер ететінін түсіндірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанық ғалымның айтуынша, әлем қазір түбегейлі өзгерген. Бұрын елдің қаншалықты қуатты екенін әскері мен экономикасына қарап білетін болсақ, қазір оның орнын интеллект пен білім басыпты.

Мемлекет өз технологиясын жасай алуға шамасы жетсе – егемендік дегеніміз де сол өзі. Егер ел сырттан келген бағдарламаларға, жасанды интеллект пен құрал-жабдыққа қарап отыратын болса, ондай елдің болашағы күмәнді екен.

Сондықтан цифрлық технология, медицина мен энергетика саласында ұлттық ғылымды дамыту керек. Бұл елді сыртқы ықпалдан қорғауға сеп болады.

Ғылым түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұруда да маңызды рөл атқарады:

• қорғаныс саласында — замандық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы

• киберқауіпсіздікте — деректер мен жүйені қорғау арқылы

• медицинада — эпидемияға қарсы жедел әрекет ету арқылы

Алайда тағы бір маңызды мәселе бар — ол адамдардың ойлау жүйесі. Қазір қарумен емес, біліммен, идеямен, баспен соғысатын заман. Сондықтан бүгінгі кезде «идеялар соғысы» жүріп жатыр деп айтсақ та болады.

Білім беру мен гуманитарлық ғылымдардың рөлі ерекше.

Когнитивтік егемендік дегеніміз:

• өз білім беру стандарттарының болуы

• адамдардың сыни ойлай білуі

• манипуляцияға бой алдырмау қабілеті

Егер кез келген ел өзгенің идеясы мен модельдерін түгелдей көшіре бастаса, ол бірте-бірте дербестігінен айырылып қалуы әбден мүмкін.

Қазақстан қазір қай салада болса да, кез келген реформа мен бастаманы ғылыми негізге сүйеніп барып қолға алуға көңіл бөле бастады.

Ғылымға салынған қаржы — бұл елдің болашағына салынған инвестиция екенін айтады Шәріпбек Ағабайұлы.

Сондықтан қауіпсіздік кабинетте ғана емес, сонымен қатар университетте, зертханалар мене ғылыми орталықтарда да қатар қалыптасуы керек.

Мемлекет ғылымды дамытса — ол мықты әрі тәуелсіз болып қала бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика