Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ б...

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Білім және ғылым Бүгін 14:14 35
Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филолог Анар Фазылжан қазақ лингвистикасының негізгі жетістігі мен болашағы туралы баяндап берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ғасырдан астам тарихы бар қазақтың тіл ғылымы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің арқасында қалыптасты. Олардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлының алар орны ерекше. Дәл осы тұлғалар қазақ тілін зерттеуде еуропалық ғылыми тәсілдерді енгізіп, оның ғылыми негізін қалады.

Осы жылдары фонетика мен грамматика жүйеленді, терминология қалыптасып, әдеби тіл мен жазу нормасы бекіп, бай сөздік қор жинақталды. Қазақ тілі ғылым мен білімнің тіліне, елдегі іс жүргізетін тілге айналды.

Қазақстандық лингвистика жаһандық үрдістер аясында қарқынды дамып келеді. Қазақ тілінің ұлттық корпусы да құрылды. Бұл — әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндерді қамтитын, 20-дан астам ішкі корпусы бар ауқымды цифрлық база. Ол ғалымдарға үлкен деректі жедел талдап, тілдің қазіргі жай-күйі туралы нақты қорытынды жасап отыруға мүмкіндік беріп отыр.

Тіл білімі институты жасанды интеллект технологияларын, соның ішінде қазақ тілінің мәдени ерекшелігіне негізделген үлкен тілдік модельдерді (LLM) әзірлеуге де атсалысып жүр. Әсіресе ұлттық кодтың маңызды тасымалдаушысы — фразеологизмдер мен мақал-мәтелге көп көңіл бөлген.

Қазіргі лингвистика пәнаралық бағыттарды белсенді түрде игеріп жатыр. Социолингвистика, психолингвистика мен лингвистикалық персонология сияқты салалар дамып жатыр. Институтта жаңа зерттеу бөлімдері, соның ішінде Байтұрсынұлы мұрасын зерттейтін «Ахметтану» бөлімі ашылған.

Eye-Tracking технологиясының көмегімен ғалымдар көз қозғалысы мен мәтінді қабылдау арасындағы байланысты зерттей бастады. Бұл деректер оқу материалының сапасы мен визуалды ортаны жақсартуға септігін тигізеді.

Филологтың айтуынша, лингвистика мәдениет пен ойлау қабілетінің дамуына тікелей әсер етеді. Тіл адамның интеллектуалдық және когнитивтік мүмкіндігігін қалыптастырады. Бірақ қазір балалардың аз сөйлеп, көп ойлаудан қалып, мәні жоқ мәтіндердің қаптап кеткені алаңдата бастапты.

Осындай жағдайда лингвистикалық зерттеулердің қоғамның мәдени және зияткерлік тұтастықты қорғаудағы маңызы арта түскен.

Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері лингвистикалық зерттеулерге сұраныс айтарлықтай артты. Дегенмен, мамандардың пікірінше, қоғамда гуманитарлық ғылымдардың құндылығын әлі де арттыру қажет екен.

Қиындыққа қарамастан, сарапшылар қазақ лингвистикасының болашағына сенім білдіреді. Тіл дамуын жалғастырып, гуманизм, табиғат пен адамға құрмет, мәдени бірегейлік сияқты негізгі құндылықты сақтап, жеткізіп отыр.

Спикердің айтуынша, қазақ тілі қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар цифрландыру дәуірінде жаңа мәнге ие болып отырған ұлттық кодтың маңызды элементі болып қала бермекші.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика