AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге...

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Алматы 09.04.2026, 12:29 200 Сұлу
Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді
Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық — кенгурулар көбейіп, бірден үш бірдей төлі дүниеге келді. Бұл жаңалық зообақ қызметкерлері мен келушілер үшін ерекше тосынсый болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан, сондай-ақ Тик пен Линдадан екі төл туған. Лара алтыншы рет төлдесе, Линда алғаш рет туып отыр. Ал жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан тағы бір еркек төл дүниеге келген.

Зообақ мамандарының айтуынша, кенгурулардың төлдеу сәтін көру іс жүзінде өте қиын. Өйткені олардың төлі өте кішкентай болып туады, ұзындығы небәрі бірнеше сантиметр ғана болады. Туған бойда ол өздігінен анасының қалтасына кіріп, сол жерде өсіп-жетіледі.

«Жаңа туған кенгуру төлін бірден байқау мүмкін емес. Біз оның дүниеге келгенін тек біраз өскен соң, қалтадан басын шығара бастағанда ғана аңғарамыз. Сондықтан нақты туған күні шамамен ғана анықталады», — дейді «Жыртқыш сүтқоректілер» бөлімінің жетекшісі Гауһар Сіргебаева.

Қазір жирен кенгурудың төлі еркек екені белгілі болды. Ал екі сұр кенгуру төлінең жынысы әзірге анықталған жоқ.

Дәстүр бойынша Алматы хайуанаттар бағы жаңа туған төлдерге ат қоюға көпшілікті шақырады. Екі кенгурудың жынысы әлі белгісіз болғандықтан, оларға еркекке де, ұрғашыға да жарасатын әмбебап есімдер ұсынуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кенгуру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);