Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық ауруха...

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Алматы Бүгін 12:14 43
Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Адам өмірі бәрінен қымбат. Сол өмірдің шырағын сөндірмей, үміттің отын өшірмей, дертіне дауа, жанына шипа болу екінің бірінің қолынан келмейтін қасиетті іс. Бұл жолда ақ халатты жандардың еңбегі әрдайым ерекше құрметке лайық, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінде осындай кәсіби биік деңгей мен адами жауапкершілікті қатар ұстанған ұжымдардың бірі №7 қалалық клиникалық аурухана екені тағы бір мәрте айқын көрінді.

Жуырда ауыр хәлде түскен науқас Арынова Назгүл Рысбайқызына көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі бұл сөзіміздің нақты дәлелі. Өтіндегі тас асқынып, жанына бататын ұстама жиілеген шақта дер кезінде қабылданған шешім мен үйлесімді әрекеттің арқасында науқасқа шұғыл операция жасалып, оның өміріне төнген қауіптің беті қайтарылды.

Бұл ең алдымен аурухана басшысы Манас Ембергенұлы Рамазановтың ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкершілігінің нәтижесі деп білеміз. Басшының әрбір науқастың тағдырына бей-жай қарамай, нақты шешім қабылдауы бүкіл ұжым жұмысына серпін беретіні анық. Ұжымның бірізді әрі жүйелі жұмысы дәл осындай сәттерде айқын көрінеді.

Сонымен қатар 1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Мұхитұлы Байтұрғановтың кәсіби біліктілігі мен сабырлы шешім қабылдай білетін қасиеті ерекше атап өтуге тұрарлық. Хирургия саласында тәжірибе мен батылдық қатар жүретіні белгілі. Осындай сын сағатта дұрыс бағыт таңдап, науқастың жағдайын жіті бағалай білу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Емдеуші дәрігер Сүйерқұл Жәнібек Асқарбекұлы да өз ісіне адалдықтың үлгісін көрсетті. Науқастың жағдайын тұрақтандыру, операцияға дайындау және отадан кейінгі күтімнің әр кезеңінде дәрігердің ұқыптылығы мен жанашырлығы айқын сезілді. Бұл тек кәсіби міндет емес, адам өміріне деген құрметтің көрінісі.

Операцияның сәтті өтіп, науқастың реанимациядан палатаға ауысуы бір ғана дәрігердің емес, тұтас ұжымның үйлесімді еңбегінің жемісі. Мұнда әрбір медбикенің, әрбір қызметкердің еңбегі бар. Қазақ «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Аурухана ұжымының осы бірлігі мен кәсіби үйлесімі адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.

Бүгінде медицина саласына қойылатын талап жоғары. Тек білім мен тәжірибе ғана емес, адамға деген жанашырлық, сабыр мен төзім де аса қажет. №7 қалалық клиникалық аурухананың ұжымы осы талаптардың үдесінен шығып отырғанын нақты іспен дәлелдеп келеді.

Алматы қаласы үшін мұндай медициналық мекемелер мен білікті мамандардың болуы үлкен мәртебе. Қала тұрғындарының денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер қауымы әрдайым құрметке лайық.

Осы ретте науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, оның өміріне араша болған №7 қалалық клиникалық аурухананың басшысы Манас Ембергенұлы Рамазановқа, 1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Мұхитұлы Байтұрғановқа, емдеуші дәрігер Сүйерқұл Жәнібек Асқарбекұлына және барша медицина қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіреміз.

Ақ халатты абзал жандардың еңбегі елене берсін. Ел алғысы сіздерге әрдайым серік болсын!!!

Ізгі ниетпен,

Серік Жұмабаев, "Алматы ақшамы" газеті бас редакторының орынбасары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #науқас #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00

Көркем гимнастика: Ташкентте бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика