Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаң...

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Алматы Бүгін 12:39 40
Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Наурызбай ауданының Абай шағынауданында орналасқан бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындарымен кездесті., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу барысында тұрғындардың жер телімдерінің нысаналы мақсатын бау-бақша шаруашылығынан жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) өзгерту жөніндегі өтініші қаралды. Сондай-ақ, тұрғындар Абай шағынауданына қатысты қаланың Бас жоспарына енгізілетін түзетулер жобасы бойынша пікір білдірді. Жоба аясында бұл аумақта әлеуметтік нысандар, саябақтар, коммерциялық және тұрғын аймақтар орналастыру көзделген.

Бейбіт Шаханов Алматының қарқынды өсіп келе жатқанын айтып, 2040 жылға қарай қала халқы 3,6 миллион адамға жетуі мүмкін екенін жеткізді. Осыған байланысты тұрғындарды баспанамен, жұмыс орындарымен және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету міндеті өзекті бола түседі.

Оның айтуынша, қала аумағында тығыздығы төмен әрі шашыраңқы орналасқан құрылыстардың сақталуы жер ресурстарының тапшылығына алып келеді. Бұл өз кезегінде маятниктік көші-қонды күшейтіп, көше-жол желісіне түсетін жүктемені арттырады.

«Қала тау бөктері бағытында шексіз дами алмайды. Бау-бақша алқаптары мен жеке тұрғын үй құрылысы басым аумақтарды кешенді жаңғырту — Алматының орнықты дамуының негізгі шарттарының бірі. Бас жоспарда қарастырылған полиорталықты даму моделі бұрыннан қалыптасқан аудандарды жаңғыртып, экономикалық белсенділік шоғырланатын жаңа кластерлер қалыптастыруға бағытталған», — деді қала әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар ол Бас жоспарда белгіленген функционалдық аймақтар жобаларды жер учаскелері иелерімен келісім негізінде іске асыруды көздейтінін атады. Оның айтуынша, жер телімдерінің құнын анықтауда негізгі фактор олардың қазіргі нысаналы мақсаты емес, Бас жоспарда бекітілген қала құрылысы аймақтандыру қағидаттары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика