AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық...

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық байқау жеңімпаздарын марапатталды

Тәуелсіздік-30 26.08.2021, 15:56 905
«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық байқау жеңімпаздарын марапатталды
Сурет: Gov.kz

Әлемнің 40-қа жуық елінің 60 журналисінің жұмысын қарастырды.


Қазақстан астанасында «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық байқау жеңімпаздарын марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Cыртқы істер министрлігі және Қазақстан бас редакторлар клубының ұйымдастырған байқау осымен алтыншы рет өткізіліп отыр және биылғы конкурс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.   



«Байқау аясында қазылар алқасы әлемнің 40-қа жуық елінің 60 журналисінің жұмысын қарастырды. Материалдар Қазақстанға қатысты экономика, саясат, халықаралық қатынастар, тарих, мәдениет, туризм, денсаулық сақтау, спорт, ядролық қарусыздану, жаңартылмалы энергия көздері сияқты кең ауқымды тақырыптарға, сондай-ақ қазақ халқының көрнекті тұлғалары – Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасына арналды»,– делінген СІМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Байқауға қатысушылардың материалдары шетелдік газеттерде, журналдарда, интернет-басылымдарда және танымал интернет платформаларында жарияланды. 


Қазылар алқасының шешімімен 6 шетелдік журналист жеңімпаз болып танылды. Олар – «Республика», «Литвалық курьер» апталық басылымдардың және «Эхо Литва» газетінің бас редакторы Н.Жуков (Литва), «Finančné Noviny» басылымының бас редакторы В.Бачишин (Словакия), Пәкістанның жаһандық және стратегиялық зерттеулер орталығының аймақтық сарапшысы доктор М.ул-Хасан Хан (Пәкістан), Канаданың эмиграция және мультикультурализм мәселелері жөніндегі бұрынғы министрі Т.Рупрехт (Канада), «BCI Медиа» компаниясының коммерциялық продюсері И.Черней-Келнер (Канада), және «MNB» телеарнасының тілшісі Ц.Бат-Эрдэнэ (Монғолия).


Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев, Қазақстан бас редакторлары клубының президенті Бибігүл Жексенбай, Нұр-Сұлтан қаласында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың және жетекші қазақстандық БАҚ өкілдері қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#конкурс #астана #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Кеше 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика