конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі м...

Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты

Әлеумет Бүгін 17:23 35 yakiya
Қазақстан сары май мен күнбағыс майының өндірісі мен экспортын ұлғайтты
gov.kz

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май мен күнбағыс майы өндірісінің тұрақты өсімі байқалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сыртқы сауда көрсеткіштері де оң динамика көрсетті: өнімнің екі санаты бойынша экспорт көлемі ұлғайып, бұл отандық қайта өңдеу өнеркәсібінің әлеуетінің артып келе жатқанын айғақтайды.

Есепті кезеңде республикада майлылығы 85% аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4% артық.

Сары май экспорты 40,4% өсті. 2026 жылғы қаңтар–сәуір аралығында шетелге 394,1 тонна өнім экспортталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 280,7 тоннамен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Негізгі экспорттық нарықтар – Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь. Сары май импорты 2 242,2 тоннаны құрады. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 13,9% болды. Негізгі жеткізушілер – Беларусь пен Иран.
Төрт айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 15,7 мың тонна сары май өткізілді.

Күнбағыс майы өндірісінде де оң өсім сақталуда. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында отандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% көп.

Күнбағыс майының экспорты 49,6% артты. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында экспорттық жеткізілімдердің көлемі 353,8 мың тоннаны құрады, ал өткен жылдың осы кезеңінде 236,4 мың тонна өнім экспортталған. Негізгі экспорт бағыттары: Өзбекстанға – 153,2 мың тонна, Қытайға – 127,2 мың тонна, Ауғанстанға – 38,6 мың тонна, Тәжікстанға – 27 мың тонна, Иранға – 4,9 мың тонна және басқа да елдер.

Күнбағыс майының импорты 47,9 мың тоннаны құрады. Бұл ретте ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі төмен деңгейде қалып, 12,5% құрады. 2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ішкі нарығында 29,7 мың тонна күнбағыс майы өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#май
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Almaty Summer Fest аясындағы алты концертке 60 мыңнан астам көрермен жиналды

Бүгін 18:07

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық ортада жасанды қоғамдық күн тәртібін қалыптастырудың заманауи тетіктеріне зерттеу жүргізді

Бүгін 17:29

Алматыда жаңа оқу жылы басталғанға дейін сегіз жаңа мектеп ашылады

Бүгін 17:18

Алматыда 14-15 шілдеде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Бүгін 16:26

Алматы онкологиялық орталығы Қазақстанда алғаш болып жаңа буынның позициялау жүйесін енгізді

Бүгін 15:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);