AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан парламенті Конституциялық сот туралы заң...

Қазақстан парламенті Конституциялық сот туралы заң қабылдады

Әлеумет 03.11.2022, 04:53 1,087
Қазақстан парламенті Конституциялық сот туралы заң қабылдады
Сурет: Inform.kz

Бұл сот Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады.


Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыруға бағытталған.



«Конституциялық Заң жобасының мақсаттары Конституциялық Сотты құру бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгертулерді іске асыру, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту, Негізгі заң ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 67 баптан тұрады. Мазмұны бойынша жобаны екі бөлімге бөлуге болады. Біріншісі – ол Конституциялық Соттың және оның судьяларының мәртебесі, олардың кепілдіктермен қамтамасыз етілуі. Ал екінші бөлім конституциялық іс жүргізу тәртібіне арналған», - деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.



Конституциялық Сот еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады және биліктің сот тармағына жатпайды, өйткені бұл мәселе Конституцияда түпкілікті шешілді. Заң жобасында Конституциялық Сот судьяларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібіне байланысты мәселелер егжей-тегжейлі регламенттелген.



«Атап айтқанда, олардың тәуелсіздігі мен кепілдіктері де бекітілген. Конституциялық Соттың құзыреттері Конституцияның 72-бабымен тікелей реттелген. Мәселен, оларға сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру құзыреті жатқызылған. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Сондай-ақ, Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді», - деді министр.



Құжаттың екінші бөлімінде конституциялық іс жүргізудің жалпы шарттары мен қағидаттары бекітілді. Конституциялық Сотқа жолданатын өтініштердің түрлері, олардың нысаны мен мазмұны айқындалды.


Конституциялық Соттың өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұратын болады:


Конституциялық Сот Аппаратымен өтініштерді алдын ала қарау;


конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау;


отырысқа дайындық кезеңі;


өтінішті қарау бойынша отырыс өткізу;


соңғы кезең – өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылдау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #парламент #заң #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);