AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымы спорт және...

Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымы спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Әлеумет 08.09.2024, 17:54 1,542
Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымы спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
ҚР Туризм және спорт министрлігі

 Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевпен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесу барысында тараптар Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан осы ұйымның белсенді қатысушысы ретінде бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға және түркі әлемін біріктіруге бағытталған бастамаларды қолдайды. Ербол Мырзабосынов Түркі мемлекеттері ұйымы елдері арасында этноспорт бойынша тұрақты чемпионаттар мен турнирлер өткізуді ұсынды. Бұл іс-шаралар спорт байланыстарын нығайтуға және түркі халықтарының мәдени дәстүрлерін сақтауға көмектеседі.

 

«Бүгін түркі дүниесі үшін ауқымды әрі маңызды спорттық іс-шара – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады. Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын түркі халықтарының бірегей мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға бағытталған аса маңызды оқиға ретінде қарастырады. Ойындар спорттық дәстүрлерді ілгерілетіп қана қоймай, халықтар арасындағы этникалық байланыстарды нығайта түсетініне сенімдіміз», - деді министр.

Ойындарға әлемнің 89 елінен келген 2700-ге жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады. Бәсекелер 21 спорт түрінен өтіп, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Ынтымақтастық #бәсеке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);