AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Өзбекстан заманауи суды есепке алу ж...

Қазақстан мен Өзбекстан заманауи суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекет туралы келісімге келді

Әлеумет 23.09.2024, 10:59 895 dulatbekova
Қазақстан мен Өзбекстан заманауи суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекет туралы келісімге келді
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Атап айтқанда, министрлер Сырдария өзеніндегі су бекеттерін автоматтандыру мен суды есепке алуды цифрландыру жөнінде сөйлесті. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан заманауи суды есепке алу жүйесі орнатылатын 10 бекет туралы келісімге келді. Нұржан Нұржігітов халықаралық қаржы ұйымдарымен және компаниялармен жобаны бірлесіп іске асыру бойынша келіссөз жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар келесі жылғы суару маусымына дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс тәртібін талқылады.

Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының алдағы отырысында су қоймалары жұмысының болжамды кестесі жасалып, су беру көлемі бекітілетін болады.

«Халықаралық Аралды құтқару қорының отырысына белсенді қатысқан және ұсыныстарымен бөліскен өзбекстандық әріптестерімізге үлкен рахмет айтамын. Бір жыл ішінде біз бірлескен жұмысымыздың оң нәтиже беретініне көз жеткіздік, сондықтан екіжақты тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз. Көптеген мәселелер бойынша біз ортақ келісімге келдік. Бұл бізге күн тәртібіндегі мәселелердің көпшілігін өзара тиімді негізде шешуге мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде Шавкат Хамраев Өзбекстан ХАҚҚ аясында да өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді.

«Өзбекстан Қазақстанның Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығын толық қолдайды. Біз осы бағыттағы өзара іс-қимылды күшейтіп, бірлескен жобалармен жұмыс істегіміз келеді. Мысалы, Сырдария және Амудария өзендері бассейндерінің экожүйесін сақтау, жергілікті тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, шағын және жергілікті су айдындарын қалпына келтіру және т.б. іс-шараларды іске асыруға ниеттіміз, – деді Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев.

Бұдан бөлек, тараптар су ресурстарын ұтымды пайдаланудың өңірлік стратегиясын әзірлеу мәселесін талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша министрлер кездесу хаттамасына қол қойды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақтан #Өзбекстан #су
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);