AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Каспийде өзінің паром флотын салмақшы

Қазақстан Каспийде өзінің паром флотын салмақшы

Әлеумет 12.07.2022, 10:11 1,283
Қазақстан Каспийде өзінің паром флотын салмақшы
Сурет: Trend.az

«Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушысы тағы 2 контейнер тасымалдаушы сатып алатынын атап өтті.


Қазақстан құрғақ жүк таситын паромдардың санын 10-ға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Қасым Тілепов айтты. 



«Қазіргі таңда Ақтау портындағы біздің инфрақұрылымның өткізу қабілеті 21 млн тоннадай болады. Бұл бағытта жүктің кез келген түрін тасымалдай аламыз. Сондай-ақ, біздің өзіміздің сауда флотымыз бар. Нақтырақ айтсақ, 4 құрғақ жүк тиеуішіміз бар. Қазір бұл жүк тиеуіштер Каспий теңізінде жұмыс істеп жүр», - деген комитет өкілі жыл аяғына дейін «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз тасымалдаушысы тағы 2 контейнер тасымалдаушы сатып алатынын атап өтті. 



Оның сөзіне қарағанда, Қазір Каспийде құрғақ жүк тасымалдау ісінде Әзербайжанның монополиясы орнаған. 



«Жалпы, өзіміздің паром флотымызды салсақ деген ниетіміз бар. Ұзақ мерзімді келешекте контейнер тасымалдаушы паромдардың санын 10-ға дейін жеткізсек деген жоспарымыз бар. Қазір Каспийде Әзірбайжан пороходтары монополия орнатқан», - деді Қасым Тілепов. 



Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Каспий #Паром
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Кеше 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Кеше 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Кеше 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Кеше 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Кеше 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);