Сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды роботтандырылған құралдармен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 13 экзоскелет дайындалып, балаларға үйінде пайдалануға берілді.


Жақында техникалық оңалту құралдарының көмегімен үйде балаларды оңалту жобасы іске қосылды.



«Оңалту орталықтарын қанша құрсақ та, балалардың осы орталықтарда болу уақыты шектеулі болатыны түсінікті. Сол себепті біз серіктестерімізбен бірге оңалту динамикасын жоғалтпау үшін арнайы жобаны жүзеге асыруды шештік. Оның әлемде бізге белгілі аналогтары жоқ. Мұндай балалардың отбасыларына үйге техникалық оңалту құралдары берілетін болады. Басынан бастап белгілі бір қаражат беріледі, прогреске байланысты оңалту уақытын ұзартуға қол жеткізетін адам саны едәуір артады», – деп түсіндірді спикер.



Жаңа жобаны сынақтан өткізу үшін 4 пилоттық өңір анықталды: Абай, Қызылорда, Павлодар облыстары және Шымкент қаласы. Жобаның сомасы - 4,5 млрд теңге. Ол сәтті жүзеге асса, мұндай бастама еліміздің басқа өңірлерінде де енгізілетін болады.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қазақстан халқына» ҚҚ қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру туралы» есебін жариялаған болатын.