Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан армиясы Орталық Азияда үздік деп танылды

Қазақстан армиясы Орталық Азияда үздік деп танылды

Әлеумет 12.01.2025, 08:24 1,199
Қазақстан армиясы Орталық Азияда үздік деп танылды
Cурет: Қорғаныс министрлігі

Global Firepower ұйымы 2025 жылға арналған әскери қуат рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Бұл тізімде Қазақстан өзінің позициясын нығайтып, 57-орынға көтерілді. Ал 2024 жылы әлемдік армиялар рейтингінде 58-орында болған еді.

Орталық Азия көршілерінің ішінде Қазақстанға ең жақын орналасқан Өзбекстан 58-орында. Басқа елдердің нәтижелері келесідей: Түрікменстан – 77-орын, Қырғызстан – 105-орын, Тәжікстан – 108-орын.

Жекелеген көрсеткіштер бойынша да Қазақстан айтарлықтай нәтижелерге жетті:

  • Реактивті залптық от жүйелерінің саны бойынша 17-орын (407 бірлік).
  • Өзі жүретін артиллерия саны бойынша 21-орын.

Рейтингтің бірінші орнында бұрынғыдай АҚШ тұр, екінші орында – Ресей, үшіншіде – Қытай. Тізімнің алғашқы бестігіне Үндістан мен Оңтүстік Корея кірген. Ал ең соңғы орында Бутан орналасқан.

Global Firepower рейтингі бірнеше жылдан бері жарияланып келеді. Зерттеушілер әлемнің 145 елінің армияларын 50-ден астам параметр бойынша сараптайды. Оған армия мен басқа да әскери құрылымдардың саны, олардың қаржыландырылуы, елдердің географиялық жағдайы кіреді. Дегенмен, негізгі назар әскери әлеуетке аударылады: қару-жарақтың түрлері, әскер саны, резервистер және т.б.

2023 жылы Қазақстан армиясы рейтингте бірден бес орынға көтеріліп, 63-орыннан 58-орынға шыққан еді. Экономист және қоғам қайраткері Айдар Әлібаевтың айтуынша, Қазақстан армиясының Global Firepower тізімінде жоғарылауы елдің әскери әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Global Firepower #әскер #рейтинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Таяу Шығыстағы өз азаматтарын эвакуациялауға дайын

Бүгін 14:33

Алматыда домбырашылар референдумға арнап күй шығарды

Бүгін 14:16

Еуропалық Porschist журналы Қазақстан туралы арнайы шығарылымда Алматыны таныстырды

Бүгін 14:10

«ALGYS FEST» концерті аясында 5000-нан астам алматылық референдумды қолдады

Бүгін 14:05

QazPost-тың Алматыдағы бөлімшесі Жаңа Конституция мен референдумды қолдады

Бүгін 13:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі