Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ жұрты Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып...

Қазақ жұрты Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды

Әлеумет 18.10.2023, 10:11 1,310
Қазақ жұрты Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін қалың қазақ жұрты айтулы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды. Арда азаматпен қоштасу рәсімі Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Қаралы жиынға марқұмның көзін көрген әріптестері, дос-жақындары мен туған-туыстары жиналды. Санаулы ғұмырында оқырманның шексіз сүйіспеншілігіне бөленген ақынды ел-жұрты қимастықпен шығарып салды.


Несіпбек Айтұлының қазасы көптің қабырғасын қайыстырып кетті. Қаламгер ауыр дертпен арпалысып, ақыры мәңгілік мекеніне кете барды. Жалын ғұмыр ерте сөнгенімен, сөз зергерінің артында өшпес ізі қалды. «Сарыжайлауым, Әнжайлауым» деп қалам тербеген ақын шұрайлы да, шырайлы Шұбартау өңірінде өмірге келген. Таңғажайып Тарбағатайдың тасында кіндігі кесіліп, тал бесігінде тербеліп өсті.



– Дарынды, талантты, ақынның өмірден өтуі –  халқымыздың руханияты, ұрпағы үшін орны толмайтын үлкен  қасірет. Несағаң өмірде де, өнерде де, әдебиетте де өте биікте болды. Айтматовтың  «сен биіксің» дейтін. Несіпбек көкеміз – биік ақын, азамат, тұлға! – деді ҚР еңбек сіңірген әртісі, кинорежиссер Талғат Теменов.



Адал еңбек, адал қызмет. Арда ұлды атақ-абыройдан да кем қылмады. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Барыс»  ордендерін кеудесіне жарқырай тақты. Басты марапат - туған елдің ықыласы. Күні кеше Мемлекет басшысы да қазаға қайғырып көңіл айтты. Тәуелсіздік жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағаланғанын жеткізді. Ақтық сапарында көпшілік қаламгерді «Қарапайымдылықтың, адамдықтың туын жықпады» деп еске алды.



– Жалғыз ғана ақын емес, адам ретінде қатты сыйлайтын. Үйрететін. Он алты жасымда ағам болып жолыққан, өмірдің аяғына дейін жақсылыққа жетелеген мейірімді адам еді. Мен өте қуанышты күндерімді сол кісімен өткіздім. Оның сыйлық алған, елге танылған шақтарында бірге болдық, – деді алықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мылтықбай Ерімбетов



Несіпбек Айтұлының атасы, әкесі де ақынжанды адам болған. «Қара  өлеңнің шекпенін киген» ұл осыдан соң баба ізін жалғастырды. Жүрегінің түбінен сүзіп, тұнығынан алған тұжырымдарын жазба кітап қып жазды. Небәрі 23 жасында тұңғыш кітабын жарыққа шығарып үлгерген. «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы» сынды аудармалардың авторы. Түрік, Қытай, француз ақындарының өлеңін туған тілімізде сөйлеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақын #қайраткер #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика