AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ елінде 10 мың шақырым жол жөнделді

Қазақ елінде 10 мың шақырым жол жөнделді

Әлеумет 30.12.2021, 08:02 1,429
Қазақ елінде 10 мың шақырым жол жөнделді
Сурет: Рroektant.kz

Осы игі істер ағымдағы жылы атқарылды


Республикамызда 10 мың шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автожол жобаларын іске асыру қорытындысында айтылды.


 «Республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 10 мың шақырымы құрылыс, реконструкция және жөндеу жұмыстарымен қамтылды.


Оның 3,6 мыңы республикалық маңызы бар жолдар:


- Талдықорған - Өскемен


- Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті - Қапшағай


- Ақтөбе – Атырау - Астрахань


- Қалбатау - Майқапшағай


- Үшарал - Достық


- Ұзынағаш - Отар


- Меркі - Бурылбайтал


- Қостанай – Денисовка», - делінген хабарламада.


Министрліктің мәліметінше, құрылыс маусымында жолдардағы жобаларға 200 мыңдай адам және 12 мыңға тарта жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.



«Жыл қорытындысында жолдардың сапасын арттыра отырып, I және II санаттағы 2248 шақырым автожол пайдалануға берілді. Жақын маңдағы 120 елді мекенді қамтыған сенімді көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Ірі елді мекендер жанында 6 айналма жол салынып, көлік және транзиттік тасымалдар көлемі 2,5 есе артты. Бұл ретте жол құрылысындағы қазақстандық қамту 90%-дан асты», - делінген хабарламада.



Жол бойындағы сервисті дамыту үшін тиісті қызметтерді толық қамтитын 71 кешен іске қосылды. Олар: кемпингтер, мотельдер, жанармай құю стансалары, техникалық қызмет көрсету стансалары, тамақтанатын және сауда орындары және т.б.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #ел #жол #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика