AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы қалалық ортаны дамыту мүмкіндіктерімен шете...

Алматы қалалық ортаны дамыту мүмкіндіктерімен шетелдік мамандардың назарын аударып отыр – сарапшы

Алматы Бүгін 20:36 46
Алматы қалалық ортаны дамыту мүмкіндіктерімен шетелдік мамандардың назарын аударып отыр – сарапшы
Алматы әкімдігі

Сондай-ақ маман Қазақстанның туристік әлеуетіне назар аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының қарқынды дамуы мен жас тұрғындардың сұранысы заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашуда. Мұндай пікірді SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық сәулет және қала құрылысы форумында LDA Design халықаралық жобалау компаниясының директоры Бенджамин Уокер білдірді.

Маманның айтуынша, қала түрлі сын-қатерге тап болғанымен, сонымен қатар тың шешімдер табуда. Бұл сәулетшілер мен жобалаушыларға тұрғындардың қажеттілігі мен өзгеріп жатқан өмір салтына сай қоғамдық кеңістіктер құруға мүмкіндік береді.

«Алматының дамуы өте қызықты. Менің ойымша, қала көптеген мәселеге тап болғанымен, оларды шешудің шынымен таңғаларлық жолдарын табуда», – деді Бенджамин Уокер.

Ол қалалық ортаны жоспарлау кезінде қаладан барынша жайлылық пен алуан түрлі мүмкіндіктер күтетін жас ұрпақтың мүддесін ескеру қажет екенін атап өтті. Сарапшының пікірінше, мұндай тәсіл қарқынды дамып келе жатқан мегаполистер үшін ерекше маңызға ие.

Сондай-ақ маман Қазақстанның туристік әлеуетіне назар аударды. Оның айтуынша, саяхатшылар жаңа бағыттарды іздеуге, ерекше әсер алуға және өзге мәдениеттермен танысуға барған сайын көбірек қызығушылық танытуда.

Бенджамин Уокердің пікірінше, қалалық ортаны дамыту және елдің туристік әлеуетін ашу Алматының жергілікті тұрғындар үшін де, шетелдік қонақтар үшін де тартымдылығын арттыра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік сарапшы Алматыдағы қоғамдық кеңістіктердің жаңаруына баға берді

Бүгін 19:47

Абай мұрасын дәріптеген үздіктер марапатталды

Бүгін 17:30

Алматы әкімдігінің қызметкері самбодан әлем чемпионы атанды

Бүгін 17:26

Алматыда SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтіп жатыр

Бүгін 17:16

Қазақстанда бір аптада 133 052 ЖРВИ дерегі тіркелген

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);