AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Шетелдік сарапшы Алматыдағы қоғамдық кеңістіктерді...

Шетелдік сарапшы Алматыдағы қоғамдық кеңістіктердің жаңаруына баға берді

Алматы Бүгін 19:47 29
Шетелдік сарапшы Алматыдағы қоғамдық кеңістіктердің жаңаруына баға берді
Алматы әкімдігі

Алматының қалалық ортасындағы оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қоғамдық кеңістіктерді дамытуда дұрыс бағытта келе жатыр. Мұндай пікірді SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық сәулет және қала құрылысы форумында Gehl халықаралық компаниясының жобалар жөніндегі директоры Александр Спитцер білдірді.

Маманның айтуынша, Алматының қалалық ортасындағы оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады. Бұл ретте жаңа қоғамдық кеңістіктер құрумен қатар, қолданыстағы аумақтарды жаңаша қарастырып, оларды тұрғындардың күнделікті өміріне барынша қолжетімді әрі қолайлы ету маңызды.

«Менің ойымша, мұнда дамуға зор әлеует бар. Қаладағы оң өзгерістер қазірдің өзінде байқалады. Қала аумағын қайта бөліп, жүргіншілерге басымдық беру маңызды. Жайлы қалалық орта үлкен саябақтар мен алаңдардан ғана емес, қарапайым жүргінші жолдарынан, аулалардан және үй маңындағы шағын кеңістіктерден де қалыптасады», – деді Александр Спитцер.

Ол мысал ретінде Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңының жаңаруын атап өтті. Онда бұрын автокөліктерге арналған аумақтың бір бөлігі жүргіншілерге берілген.

Маман Алматы үшін тағы бір болашағы зор бағыт ретінде «15 минуттық қала» тұжырымдамасын дамытуды атады. Бұл тұжырымдама бойынша тұрғындар күнделікті негізгі қажеттіліктерін үйінен жаяу жүріп, қысқа уақыт ішінде өтей алады.

«Алматы үшін бұл қол жеткізуге болатын мақсат. Қалада жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай қалыптасқан: жүргінші жолы кең, аудандар арасындағы байланыс жақсы дамыған, жасыл желек мол», – деп атап өтті ол.

Сарапшының пікірінше, қоғамдық кеңістіктерді одан әрі дамыту және оларды қалалық ортамен үйлестіру Алматыны тұрғындар үшін барынша жайлы қалаға айналдыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай мұрасын дәріптеген үздіктер марапатталды

Бүгін 17:30

Алматы әкімдігінің қызметкері самбодан әлем чемпионы атанды

Бүгін 17:26

Алматыда SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтіп жатыр

Бүгін 17:16

Қазақстанда бір аптада 133 052 ЖРВИ дерегі тіркелген

Бүгін 17:10

Әуежайдағы орынсыз әзілдің соңы айыппұлмен аяқталды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);