Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанын уақытында...

Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанын уақытында аяқтауды тапсырды

Әлеумет 22.08.2022, 14:30 1,160
Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанын уақытында аяқтауды тапсырды
Сурет: Ақорда

Биыл бидайдың бір гектарынан 16 центнер алу болжанып отыр


Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі аймақтың дамуы жөнінде, атап айтқанда, ауыл шаруашылығының дамуы, жылыту маусымына дайындық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде баяндады.


Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірде күзгі егін науқаны басталды. Биыл бидайдың бір гектарынан 16 центнер алу болжанып отыр. Облыста 170 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілмек. Өңір басшысы бұл көрсеткіш бойынша республикада СҚО көш басында тұрғанын жеткізді.


Аграрлық секторға биыл 180 миллиард теңге инвестиция тартылады. Солтүстік Қазақстан облысында құны 76 миллиард теңге болатын 31 жоба жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына 2,4 мың техника алынған. Қазір аймақта 17 сүт фермасы, 3 құс фабрикасы, жылыжай кешені және май экстракциялау зауыты салынып жатыр. Өңірде сүт өндірісі 26 пайызға өскен.


Президентке өнеркәсіп саласындағы жобалар туралы да айтылды. Биыл кірпіш зауыты мен темір бетон бұйымдары, ірімшік шығаратын сүт зауыты ашылды. Қағаз өнімдерін шығаратын фабрика мен автоклавты газоблоктар кәсіпорны іске қосылмақ. АЖТ, электр қалқанының жабдықтары және жеңіл темір құрылысы сынды жобаларды іске асыру басталады.


Жаңа оқу жылында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде заманауи зертханалармен жабдықталған оқу-зертханалық корпус ашылады. Әлемдегі үздік 100 жоғарғы оқу орындарының бірі – Аризона университетімен бірігіп, қос дипломды білім алуға студенттерді қабылдау алғаш рет жүргізілді.Облыста биыл 401 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Аймақтағы жолдарды жөндеуге биыл 22 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаржыға 663 шақырым жол жөнделеді. Сонымен қатар 55 ауылда су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев егін жинау науқанын жоспарға сай орындауды және облыстағы өзге де жобаларды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Құмар Ақсақалов #әкім #егін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика