AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: 500-ден астам көшеге жергілік...

Қасым-Жомарт Тоқаев: 500-ден астам көшеге жергілікті қаһармандардың есімі беріледі

Әлеумет 24.04.2025, 13:02 833 Bakyt
Қасым-Жомарт Тоқаев: 500-ден астам көшеге жергілікті қаһармандардың есімі беріледі
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ел тарихында елеусіз қалған жергілікті батырларды ұлықтау мақсатында маңызды шешім қабылданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Республикалық ономастикалық комиссия 500-ден астам көшеге бұған дейін көпшілікке кеңінен танылмаған, алайда ел үшін ерен еңбек еткен азаматтардың есімін беру туралы шешім қабылдады.

"Бірер күн бұрын менің тапсырмаммен Республикалық ономастикалық комиссия елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім қабылдады", – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл бастама – тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы нақты әрі символдық мәні зор қадам.

Мемлекет басшысы бұл шешімнің әсіресе Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтер қарсаңда қабылдануының маңыздылығына тоқталды. Жаңа атаулар ең алдымен соғыс ардагерлері мен ел үшін еңбек еткен тұлғаларға арналады.

"Бұл шешім – Ұлы Жеңісті, оған қатысушыларды қаншалықты қадір тұтатынымызды көрсететін маңызды қадам", – деді Президент.

Ол жаңа көшелерге немесе бұрын атауы қайталанып келген көшелерге жергілікті батырлардың, ұлтқа еңбек сіңірген тұлғалардың есімі берілетінін нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихына есімі алтын әріппен жазылуға лайық, бірақ әртүрлі себеппен ұмыт қалған тұлғаларды дәріптеу – ұлттың болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Бұл қадам жастардың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуде де үлкен рөл атқарады.

500-ден астам көшеге жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім – Қазақстанның тарихи жадыны жаңғырту жолындағы нақты қадамы. Бұл – Ұлы Жеңіске, ұлттық бірлікке және елге адал қызмет еткен азаматтарға көрсетілген шынайы құрмет. Енді бұл көшелер жас ұрпақ үшін ерлік пен еңбекке бастар символға айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңіс #қаһарман #ерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46

Алматыда Жеңіс күні аталып өтіп, соғыс қаһармандарының рухына тағзым етілді

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);