AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарасай ауданында жол жекенің қарамағына өтіп кетк...

Қарасай ауданында жол жекенің қарамағына өтіп кеткен

Әлеумет 04.10.2022, 16:00 1,271
Қарасай ауданында жол жекенің қарамағына өтіп кеткен
Сурет: Almaty.tv

Жауапты мекемелер ел сұрауына жауап бере алмай отыр


Қарасай ауданында көптің қолданысындағы жол жекенің қарамағына өтіп кеткен. Ал жауапты мекемелер ел сұрауына жауап бере алмай отыр. Мектепке апарар бағыттың қалай бақылаудан шығып кеткенін жергілікті әкімдік те білмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Елді алаң қылған аумақ - осы. О бастағы жоспар бойынша әрі көптің қолындағы құжатқа сәйкес мұнда жол түсуі керек. Бірақ 5 ай бұрын үйдің иесі өзіне тиесілі аумақты қоршаған. Мәселенің төркіні - жол үстін жекеменшікке беріп жібергендерде жатыр.



«Бұрынғы әкім былай сатып келген, қазіргі әкім былай сатқан. Екі ортада жолды жауып тастаған, болды. Сонша халық мына жерді, қаншама семья, ешкім былай бара алмай тұр», – деді Жібек жолы ауылының тұрғыны Саламат Бекжан.



Елдің алды 2012-де көшіп келген. Ал 2017 жылы көрсетілген аумақтың жол типінде қолданысқа берілуі жөнінде құжат рәсімделіпті. Осы тұста түсінбестік туады: үй салып, жолды қоршап алған азаматтың да заңды қағазы бар.


Түйіні тарқамай тұрған түйткілге қатысты ешкім нақты жауап берген жоқ. Жердің қолданыс типін кімнің, қашан өзгерткенін сұрап ек, аудан мен ауыл әкімшілігі бір-бірін нұсқаудан әрі аспады.



«Ауданға бағынышты бөлімдердің тарапынан берілген шығар ол, мен нақты білмеймін. Бірақ біздің Жібек жолы әкімі аппаратының тарапынан ешқандай жер берілген жоқ», - деді Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Дидар Нұрақынов.



«Генплан бойынша жол қарастырылған ол аумақта. Сол себепті Жібек жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары арыз жазған, сотқа арыздануыңызды сұраймыз деп», –деді  Қарасай аудандық әкімі аппараты құрылыс және сәулет бөлімінің маманы Жәнібек Қайыржанұлы.


Екі әкімдіктің маманы да мәселе тек сотта шешіледі деп отыр. Ол үшін тұрғындар арыздануы керек. Ендігіде жалпы қолданыстағы жердің қашан, қандай жолмен жекеменшікке өтіп кеткенін тек құзырлы органдар анықтай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жекеменшік #Қарасай ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі

Бүгін 14:21

Рұқсатсыз салынған граффити – өнер емес, құқық бұзушылық

Бүгін 14:06

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28

«МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді

Бүгін 12:14

Мұғалімдерге не сыйлауға болады?

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);