AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағанды өңірінен сақ дәуіріне тән ерекше археоло...

Қарағанды өңірінен сақ дәуіріне тән ерекше археологиялық олжа табылды

Әлеумет 10.11.2025, 14:30 595
Қарағанды өңірінен сақ дәуіріне тән ерекше археологиялық олжа табылды
Сурет: Gov.kz

Ақтоғай ауданындағы Қарабие қорымын зерттеу барысында ғалымдар оң қолында қола қылыш ұстаған жауынгердің бұзылмаған қабірін анықтады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жерлеу орнынан ұзындығы шамамен 30 сантиметр болатын қос жүзді, тұтас құйылған қола семсер табылған. Қару дала жыртқыш құстарының бейнелерімен безендірілген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай пішіндегі әрі көркем өрнектелген акинак Қазақстан аумағынан бұрын-соңды табылған емес. Бұл - ежелгі шеберлердің металл өңдеу ісі мен көркемдік талғамының жоғары деңгейін дәлелдейтін құнды жәдігер.

Археологтер қылышпен қатар бес металл жебе ұшын және алтын сырға тапқан. Зерттеушілер алтын әшекейді жауынгердің қоғамдағы жоғары мәртебесінің белгісі деп санайды. Заттардың көркемдік ерекшелігі Талды-2 қорымындағы «Алтын адам» табыстарымен ұқсас.

Мамандардың мәліметінше, қабір біздің дәуірімізге дейінгі VII–VI ғасырларға жатады және ол сақ элитасының жауынгеріне тиесілі болуы мүмкін. Ең маңыздысы - №1 қорғанның толығымен сақталғаны, бұл археологиялық тәжірибеде өте сирек кездеседі.

Қазір табылған бұйымдар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылмақ. Алдағы уақытта ғалымдар металлографиялық, радиокөміртекті және антропологиялық зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Зерттеу нәтижелері келер жылдың қысында жария етіледі деп күтілуде.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарағанды өңірі #археологиялық олжа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Бүгін 12:30

«Менің сүйікті қалам» атты көрме ашылды

Бүгін 11:56

Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті

Бүгін 11:36

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Бүгін 11:29

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың ашылатыны хабарланды

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);