AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың аш...

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың ашылатыны хабарланды

Алматы Бүгін 11:25 53
Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың ашылатыны хабарланды

Саябақ отбасылық демалысқа, серуендеуге және түрлі жастағы тұрғындардың бос уақытын өткізуіне арналған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Наурызбай ауданында аумағы 1 гектар болатын жаңа қоғамдық кеңістік құрылып жатыр. Ол Alem park аттракциондар саябағының жанында орналасқан.

Жаңа демалыс аймағын құру туралы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

Жобада көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінген. Саябақ аумағына 200 ірі көлемді ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, шамамен 30 мың бұта, сондай-ақ 1,5 мың раушан гүлі отырғызылды.

Тұрғындарға қолайлы болуы үшін жаяу жүргіншілер жолдары, орындықтар және жарықтандыру жүйесі қарастырылған. Жасыл желектердің жай-күйін тұрақты күтіп ұстау автоматтандырылған суару жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

Жаңа демалыс аймағында фонтан, «Отбасы» композициясы, перголалар және балалар ойын алаңы да бар. Осылайша, кеңістік отбасылық демалысқа, серуендеуге және тыныш уақыт өткізуге арналған.

Жобаны іске асыру Наурызбай ауданында тұрғындар үшін абаттандырылған қосымша демалыс аймағын құруға және көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктердің санын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта саябақты құру жұмыстары аяқталуға жақын. Жаңа демалыс аймағын тұрғындар үшін жақын арада ашу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Бүгін 12:30

«Менің сүйікті қалам» атты көрме ашылды

Бүгін 11:56

Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті

Бүгін 11:36

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Бүгін 11:29

Түрксіб ауданында экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);