AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы...

Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті

Медицина Бүгін 11:36 51
Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында  ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Камал Саруарұлы Ормантаевтың 90 жылдығына орай «Балалар жасындағы эндовидеохирургия» тақырыбында шеберлік сабағы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара 8-9 қазан күндері Алматыда өтетін «Баланың денсаулығы мен дамуы: балалар жасындағы ауруларды ерте анықтау және араласудың заманауи тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ұйымдастырылды.

Шеберлік сабағы барысында балалардағы ауруларды диагностикалау және хирургиялық емдеуде заманауи аз инвазивті технологияларды қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Ресей Федерациясының жетекші мамандары операциялық сарапшы ретінде қатысты:

Соколов Юрий Юрьевич — медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Я.Долецкий атындағы РМАНПО балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қаласы.

Топилин Олег Григорьевич — медицина ғылымдарының кандидаты, Морозов атындағы балалар қалалық клиникалық ауруханасының торакальды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Мәскеу қаласы.

Екі күнге созылған шеберлік сабағы барысында мамандар балалар хирургиясындағы заманауи аз инвазивті әдістерді қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, хирургиялық операцияларды орындау ерекшеліктерін және пациенттерге ем жүргізудің заманауи тәсілдерін көрсетті.

Шеберлік сабағы аясында мамандар кеуде және құрсақ қуысы ағзаларының туа біткен ақаулары мен жүре пайда болған аурулары бар балаларға аз инвазивті хирургиялық операциялар жасады.

Шеберлік сабағына онлайн және офлайн форматта 150-ден астам маман қатысты.

Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, мамандардың практикалық дағдыларын жетілдіруге және балалар хирургиясына заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаңға айналды.

Шеберлік сабағын өткізу балалар жасындағы аз инвазивті хирургияны одан әрі дамытуға, заманауи хирургиялық технологияларды кеңінен енгізуге және балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Педиатрия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Бүгін 12:30

«Менің сүйікті қалам» атты көрме ашылды

Бүгін 11:56

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Бүгін 11:29

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың ашылатыны хабарланды

Бүгін 11:25

Түрксіб ауданында экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);