AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Менің сүйікті қалам» атты көрме ашылды

«Менің сүйікті қалам» атты көрме ашылды

Мәдени Алматы Бүгін 11:56 92
 «Менің сүйікті қалам» атты көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде 7 қазан күні Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір орталығы қатысушыларының «Менің сүйікті қалам» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Экспозицияда 35 қатысушының кескіндеме және графика туындылары ұсынылған. Туған қалаларына деген сүйіспеншілік пен қымбат естеліктерді арқау еткен шығармаларда таныс көшелер, сәулет ескерткіштері, тыныш аулалар, саябақтар мен табиғат көріністері бейнеленген. Авторлар сүйікті қалаларын өздері сезінген, жадында сақтаған қалпында көрсетіп, көрерменді жеке әсерлері мен естеліктеріне ортақтасуға шақырады.

Салтанатты ашылуда Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Асқар Мұратұлы Ахманов, Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Сауле Станиславовна Бекетаева, Көркемөнер академиясының вице-президенті Мақсат Кыргызбайулы Кантарбаев құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ қатысушыларды график-суретші, акварель шебері, Қазақстан Республикасы мен Грузия суретшілер одақтарының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының вице-президенті, «Қазақ өнерінің қайраткері» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, Франциядағы «Art-Mondial» дүниежүзілік өнер академиясының академигі Марлан Кенесович Нысанбаев құттықтады.

Іс-шараға көрме авторлары, олардың жақындары, әріптестері, достары және өнерсүйер қауым өкілдері қатысты. Қонақтар көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп, қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.

«Менің сүйікті қалам» көрмесі шығармашылықтың адам өміріндегі ерекше орнын айқындайды. Өнер адамның өз сезімдерін жеткізуіне, естеліктерін жаңғыртуына, айналасындағы әсемдікті байқап, оны өзгелермен бөлісуіне мүмкіндік береді. Әрбір туындыда қала келбетімен қатар автордың көңіл күйі мен өмір тарихы көрініс табады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі көрме қатысушыларына шығармашылық еңбектері үшін, ал ұйымдастырушыларға жобаны жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Бүгін 12:30

Педиатрия орталығында балалар эндовидеохирургиясы бойынша шеберлік сабағы өтті

Бүгін 11:36

Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Бүгін 11:29

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақтың ашылатыны хабарланды

Бүгін 11:25

Түрксіб ауданында экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);