ffin.kz

Қар барысын сақтау туралы меморандумға қол қойылды

Қар барысын сақтау туралы меморандумға қол қойылды Сурет: Egemen.kz

 Қазақстан мен Қырғызстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында қар барысын сақтау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастықтың мақсаты екі елдің төрт ерекше қорғалатын табиғи аумағы (ЕҚТА): Қазақстан Республикасының «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі және Қырғыз Республикасының «Чон Кемин» мемлекеттік табиғи паркі шекарасында Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы қар барысын және оның мекендейтін жерлерін сақтау болып табылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Меморандум екі мемлекеттің ЕҚТА-на бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге және қар барысын зерттеу, оны қорғауды және бақылауды күшейту, сондай-ақ жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру және оны тұрақты қалпында ұстап тұру бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда қар барысының көбею үрдісі байқалады. Қар барысын зерттеу мен қорғауға бағытталған бірлескен іс-шаралардың арқасында 2019 жылдан бері оның елдегі саны 20 пайыздан астам өсіп, 152-189 басты құрады. Бұл меморандум жаһандық маңызы бар жыртқыш түрін сақтау үшін республикаларымыз арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын күшейту, тәжірибе және ғылыми біліммен алмасу саласында бірқатар бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз»деп бөлісті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев.

Алдағы бес жылда тараптар қар барысына, оның мекендейтін жерлеріне және азық қорына мониторинг жүргізу, трансшекаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды ілгері бастыру, сонымен қатар жұртшылықтың хабардарлығын және қар барысын сақтау бағдарламаларына қатысуын арттыру бойынша бірқатар бастамаларды әзірлеп, жүзеге асырады деп күтіледі.

«Қырғыз Республикасы жабайы табиғатты сақтау жөніндегі жаһандық бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазіргі уақытта республикамыздың аумағын 400-ден астам қар барысы мекендейді. Сонымен бірге, бәріміз білетіндей, үнемі қоныс аударатын түр болғандықтан, оның мекендеу ортасы республика аумағымен ғана шектелмейді. Қар барысын және оның мекендейтін ортасын зерттеу және сақтау, браконьерлік, адамның іс-әрекеті салдарынан азық қорының азаюы және мекендеу ортасының тарылуы сияқты елеулі қауіп-қатерлерге ұшырауын болдырмау үшін мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы қажет, міне, Қазақстан мен Қырғызстанның ЕҚТА арасында қол қойылған меморандум аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру соған барынша ықпал ететін болады»,  деп атап өтті Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрінің орынбасары Мирслав Аманкулов.

Аталған бес жылдық келісім Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бастамасымен Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қолдауымен орман экожүйелері мен биоалуантүрлілікті, соның ішінде Қазақстандағы қар барысын сақтау жөніндегі алты жылдық (2018-2024 жж.) жобаның аясында жасалып отыр.

Меморандумға жыртқыш мекендейтін 12 елдің барлығын біріктіретін және әлемдік қоғамдастықтың әлемде сирек кездесетін түрді қорғау мен қалпына келтіруге көбірек көңіл бөлуіне көмектесетін Қар барысы мен оның экожүйелерін сақтау жөніндегі жаһандық бағдарламасының (GSLEP) қатысуымен қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:13

17:48

17:30

17:20

17:10

16:48

16:42

16:34

16:20

15:59

15:46

15:30

15:15

15:06

14:24

14:07

13:41

12:53

12:47

12:35

12:24

12:08

12:00

11:54

11:33