Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қандай жағдайда балағат сөз үшін айыппұл салынады?

Қандай жағдайда балағат сөз үшін айыппұл салынады?

Өмір-өзен 13.01.2023, 05:53 2,272
Қандай жағдайда балағат сөз үшін айыппұл салынады?
Сурет: Мydiscoveries.ru/

Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан көзделген.


ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөз айтқандарға қолданылатын жаза түрлері жайында сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Соңғы күндері әлеуметтік желіде балағат сөз үшін жауапкершілік күшейді деген әңгіме көбейді.


Азамат Құрымбаевтың айтуынша, Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан көзделген. Мысалы, басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау –қылмыс.



«Ол үшін 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 120 сағатқа дейін түзеу, я болмаса қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жауапкершілік көзделген. Жаза сот арқылы ескерту немесе 5 тәулікке дейін қамаққа алу түрінде болуы мүмкін», - дейді ол.



Ал қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды бұзу, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті бүлдіру және қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылыққа жатады.


Балағат сөздер үшін жауапкершілік қаншалықты күшейді?



«Иә, осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Бұл ең алдымен қоғамдық тәртіпті бұзуды болдырмау мақсатында жасалды. Қазір біреу қоғамдық орында балалардың немесе аға буын адамдардың көзінше айналасындағыларды сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөз айтқан жағдайда, бұл үшін 17 250 теңге көлемінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады», - дейді басқарма басшысы.



Азамат Құрымбаев 6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл салынатынын немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынатынын атап өтті.


Егер біреу жай ғана «мені балағаттады» деп айтса, айыппұл салына ма?


Құрымбаевтың айтуынша, әрбір өтініш бойынша полиция қызметкерлері дәлелдеме жинайды. Азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың аудио-, бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы ескеріледі. Құқықтық бағаны сот береді.


Жеке меншік үйінде, көлігінде балағаттағаны үшін жаза қарастырылған ба?


Бәрі мән-жайға байланысты. Ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартуға қоғамдық орындарда балағат сөз айту, айналасындағыларды сыйламау, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу міндетті шарт болып саналады.


Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқандарға қалай айыппұл салынады?


Азамат Құрымбаевтың мәліметінше, әлеуметтік желілерде айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.


Қай тілдегі балағат сөздерге айыппұл салынады?


Жоғарыда аталған жағдайлар болған кезде қай тілде болсын балағат сөз айтқаны үшін жауапкершілік туындайды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #балағат #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика