ffin.kz

Қандай банкноталар қолдан көп жасалады?

Қандай банкноталар қолдан көп жасалады? Сурет: Ашық дереккөз

 Биыл ең көп қолдан жасалған банкноталар 2000 және 10 000 теңгелік болып отыр – Ұлттық банк


Қазақстан Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) мен екінші деңгейлі банктер 2022 жылдың алғашқы 10 айында 739 650 теңгеге парапар қолдан жасалған 250 ақша белгісін (247 банкнота мен 3 монета) анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 55%-ға аз (457 жалған ақша белгісі тәркіленді), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкі банкноттар мен монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асқат Мұқамадиевтің түсіндірмесіне сілтеме жасап.


Аталған құжатта биыл номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан көп жасалғаны (161 дана) айтылған. Бұл жалпы санның 64%-ы. Одан кейінгі орындарда номиналы 10 000 теңгелік – 27 дана (11%), 5 000 теңгелік – 24 дана (9%) жалған банкноталар тұр, қалған 16%-ы – басқа номиналдарға тиесілі.


Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі Алматыда тәркіленді – 126 дана (50%), Шығыс Қазақстан облысында – 59, Астанада – 22 дана.


Қазақстанда жалған банкноталар көп жағдайда компьютерлік техника мен кәдімгі офсеттік қағазда түрлі түсті принтердің көмегімен жасалады. Ақшаны қолдан жасаушылар көрнекі қорғаныш элементтерін түпнұсқаға мейілінше ұқсатуға тырысады.


ҚҰБ нақты банкноталарды жалған ақшадан кез келген адамға өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережесі барын еске салады.


Барлық банкнотада көру қабілеті нашар адамдарға арналған, қолмен ұстағанда жақсы білінетін шығыңқы жоғары бедерлі элемент түрінде белгілер бар.


Банкнотаның түсі анық әрі айқын болуға тиіс, су таңбасы мен номиналдың цифрлық бейнесін көру үшін банкнотаны жарыққа ұстап қараған дұрыс.


Банкнота бетіндегі үзік-үзік түрінде шығатын жазбалары бар жіпке назар аударыңыз, оны жарыққа тосып қарағанда біртұтас жіп болып анық көрінеді.


Номиналы 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 және 20 000 теңгелік банкноталарда түрлі түсті бояумен салынған сурет түріндегі бейнелер бар екенін атап өткен жөн. Банкнотаның көлбеу бұрышын өзгерткен кезде бейнелер түсі жасыл түстен алтын түске дейін өзгереді.


Сондай-ақ, барлық банкнотада бедер жасайтын арнайы баспа бар.


2022 жылғы үлгідегі номиналы 20 000 теңгелік банкнотадан жарты терезедегі голографиялық жолақты көруге болады. Жолақтың түс алмасу және динамикалық әсерлері бар.


Банкноталарды тексеруге бірнеше минут уақыт кетеді, есесіне, кез келген адамға ақша белгісінің қаншалықты түпнұсқа екенін анықтауға көмектеседі. Қолдан жасалған ақшаны түпнұсқадан қалай ажыратуға болатыны туралы толығырақ мәліметпен ҚҰБ сайтынан танысуға болады.


Айта кетейік, қазақстандық теңге әлемде қолдан жасаудан ерекше қорғалған валюталардың бірі. ҚҰБ жаңа банкноталарды шығару кезінде қорғау элементтері саласындағы жаңа әзірлемелерді жетілдіру және пайдалану тұрғысындағы жұмыстарды ұдайым жүргізіп отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32