AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қанат Таймерденов террористердің қолынан қаза тапқ...

Қанат Таймерденов террористердің қолынан қаза тапқан әріптестерінің отбасына барды

Әлеумет 11.01.2022, 04:30 1,466
Қанат Таймерденов террористердің қолынан қаза тапқан әріптестерінің отбасына барды
Inform.kz

Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов лаңкестердің қолынан қаза тапқан полиция сержанты Ален Асылханов, полиция старшинасы Ринат Қамбетов пен полиция кіші сержанты Нұрболсын Алмасовтың отбасына барып көңіл айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қанат Таймерденовтың айтуынша, олар Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына және стратегиялық маңызы бар нысанға жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапты.



«Лаңкестермен күресте қаза тапқан әріптестеріміздің туыстарымен бірге қайғырамыз. Олар азаматтардың қауіпсіздігі үшін жанын қиған нағыз батырлар. Нұрболсын Алмасов, Ринат Қамбетов және Ален Асылхановтың ерлігі, Отан алдындағы жанқиярлық қызметі бізге де, болашақ ұрпаққа да жарқын үлгі болмақ. Мәңгілік естелік», - деді, Қанат Таймерденов.



- полиция сержанты Асылханов Ален Мұхитұлы, 1993 жылы туған, ішкі істер органдарында 2015 жылдан бері қызмет еткен, үйленген, бір жасар ұлы бар.


- полицияның кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы, 1994 жылы туған, ішкі істер органдарында 2021 жылдан бері қызмет еткен, үйленбеген.


- полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет еткен, үйленген, екі ұл тәрбиелеп отырған.


Лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына жасалған қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде барлығы Алматы полициясының 3 қызметкері қаза тапты, тағы 176 сақшы жарақат алды, оның 8-інің жағдайы ауыр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Таймерденов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Кеше 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);