Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала әкімі «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәс...

Қала әкімі «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын дамыту жоспарымен танысты

Әлеумет 20.12.2022, 10:43 1,619
Қала әкімі «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын дамыту жоспарымен танысты
Суреттерді түсірген- Д.Исаев

Қала әкімі Ерболат Досаев «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнын дамытудың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы мен орталық диспетчерлік қызметтің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қала басшысы қысқа мерзімде инженерлік желілер мен жабдықтардың тозу деңгейін төмендету қажеттігіне ерекше назар аударды. Қаладағы негізгі магистральдық су құбырлары, коллекторлар, су дайындау станциялары және кәріз тазарту қондырғылары 60-70 жылдары салынған. Мәселен, бүгінде Алматыда су құбыры желілерінің тозуы 55,8%, кәріз желілерінкі - 57,5%, құбырлардың бір бөлігінің тозу дәрежесі 100%-ды құрайды.


«Алматы Су» МКК басшылығы қала әкіміне қалалық су құбыры-кәріз шаруашылығының ағымдағы жағдайы және жұмыстың аралық қорытындылары туралы хабардар етті, сондай-ақ жаңғыртуға, тұтынушыларды сапалы қызметтермен үздіксіз қамтамасыз етуге, бизнес-процестерді жақсартуға және өндірісті автоматтандыруға басты назар аударылған даму жоспарын таныстырды.



Тозуды азайту және апатты жағдайлардың алдын алу үшін жыл сайын кемінде 104 км су құбырларын, 73 км кәріз желілерін ауыстыру қажет, сондай-ақ диаметрі 900 мм және одан жоғары ірі су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңарту керек. Бұл ретте қолданыстағы инвестициялық бағдарлама жыл сайын тек 20-24 км тозған құбырларды ауыстыруды қамтамасыз етеді.



Мұның себебі төмен/теңгерімсіз тариф болып табылады: егер бүкіл әлемде желілердің жағдайын реттеуді қолдау және жөндеу қоры тариф белгілеу және қызметтерді пайдаланушылардан түсетін түсімдер есебінен жабылса, онда «Алматы Су» МКК жағдайында негізгі инвестор мемлекет болып табылады (Алматыдағы тариф деңгейі ел бойынша ең төмен деңгейдің бірі және 8 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген – 1 000 литрге 48 теңге).


Кеңес барысында сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту мәселесі талқыланды, іске асыру мерзімдері айтылды – қалалық бағдарлама аясында 2025 жылға дейін (40,9 млрд теңге) негізгі магистральдық су құбырлары мен кәріз коллекторларын қайта жаңартуға баса назар аудару қажеттігі жоспарлануда. Талғар жер асты су көздерінен су жеткізу жүйесін жаңғырту, Қарғалы су дайындау станциясын пайдалануға беру көзделген.



2030 жылға дейін мегаполис тұрғындарының 95%-ын орталықтандырылған су бұрумен қамтуға мүмкіндік беретін кәріз-сорғы станцияларының желісін бір мезгілде кеңейтіп және жөндеп, қала сыртындағы коллекторды (14 км-ден үш жіп) реконструкциялау, Батыс коллекторын салуға кірісу қарастырылған. Сондай-ақ коммуналдық объектілерді реконструкциялау және технологиялық жабдықты ауыстыру жұмыстары жалғастырылатын болады.



Инфрақұрылымды модернизациялаудан басқа, кәсіпорынның даму жоспары су шығынын азайту мақсатында кезең-кезеңмен цифрландыру жобасын қамтиды. Коммуналдық қызметкерлердің мәліметінше, Алматыда жыл сайын қаланың ұлғаюына байланысты суды тұтыну өсуде (5 жылда 25 мың текше метр). Бұл өз кезегінде тиісті инфрақұрылым мен қызмет көрсетуді (8 жыл ішінде кәсіпорынның инженерлік желілерінің ұзындығы 18,5%-ға өсті) қажет етеді.



Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі «Алматы Су» МКК басшылығына қысқа мерзімде инженерлік желілердің тозуын азайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жаңа тарифтік саясатты енгізу жөнінде ұсыныстар беруді тапсырды.


Мегаполис басшысы энергетика және коммуналдық кәсіпорын басқармасының алдында берілетін судың шығынын азайту, тұтынуды фискализациялау және инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру, оның ішінде Цифрлық су арнасы жобасын енгізу міндеті тұрғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Досаев #алматысу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика