Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қайырымдылық жасаған қазақстандықтарға құрметті ат...

Қайырымдылық жасаған қазақстандықтарға құрметті атақ беріледі

Әлеумет 15.09.2022, 08:19 1,296
Қайырымдылық жасаған қазақстандықтарға құрметті атақ беріледі
Сурет: m

Құрметті атақ беру 5 қыркүйек - Халықаралық Қайырымдылық күніне орайластырылады.


Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен қайырымдылық саласында құрметті атақ беру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.


Құрметті атақ қайырымдылық жасаушыларға, қайырымдылық ұйымдарына, қайырымдылық еріктілеріне беріледі.


Ережеге сәйкес, құрметті атақ құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, Парламент депутаттары кіретін комиссияның шешімі негізінде беріледі.


Құрметті атақты беруге ұсынымды қабылдау туралы хабарландыруды уәкілетті орган мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда орналастырады.


Комиссия мүшелері ұсынымдарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды 3 өлшемшарт бойынша 0-ден 5 балға дейін зерделеп, бағалайды:



  • Әлеуметтік мәселелерге бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;

  • Қайырымдылық қызметтің сандық нәтижелерінің болуы;

  • Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іске асырудың тұрақтылығы мен әсері.


Әрбір критерий бойынша баллдар жинақталып, жалпы балл қойылады.


Комиссияның құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы шешімі отырыста ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.


Үміткер бағалау парағын іріктеудің үш критерийінің бірінде «0» балл алған жағдайда құрметті атақ берілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қайырымдылық #Құрмет #благотворительность #почет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

Бүгін 15:45

Күрес түрлерінен Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін 15:26

Атырауда әйел итті күрекпен аяусыз ұрған - видео

Бүгін 14:56

Қарт әкесін азаптаған ер адамға жаза күшейтілді

Бүгін 14:34

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика