ҚР Ұлттық статистика бюросының шілде айындағы мәліметінше, ел бойынша 1 кВт·сағ электр энергиясының орташа бағасы 25,09 теңге болған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Ең қымбат электр энергиясы Қостанайда тіркелді – 1 кВт·сағ үшін 32,89 теңге. Бұл республикалық орташа деңгейден шамамен 31% жоғары. Екінші орында Алматы тұр: мұнда 1 кВт·сағ 32,10 теңге. Оралда – 31,89 теңге, ал Талдықорғанда – 29,88 теңге.
Көкшетау мен Қызылордада көрсеткіш бірдей – 27,75 теңге. Тараздағы баға республикалық орташа деңгейге өте жақын: 25,14 теңге.
Ал арзанырақ электр энергиясы шығыс және солтүстік-шығыстағы бірқатар қалаларда байқалады. Өскемен мен Семейде 1 кВт·сағ небәрі 18,01 теңге. Петропавлда – 18,83 теңге, Қарағандыда – 20,07 теңге, Астанада – 20,37 теңге.
Осылайша, ең қымбат Қостанай мен ең арзан Өскемен және Семей арасындағы айырма 1 кВт·сағ үшін 14,88 теңгеге жетеді. Яғни Қостанайдағы баға шамамен 1,8 есе жоғары.
Шымкент пен Түркістанда тариф бір деңгейде – 22,67 теңге, Павлодарда – 22,98 теңге, Ақтауда – 23,98 теңге, Атырауда – 24,06 теңге.