AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президенттің «Қуатты аймақтар – қуатты ел» деген ұ...

Президенттің «Қуатты аймақтар – қуатты ел» деген ұстанымы Алматы үшін аса маңызды

Әлеумет 15.03.2025, 21:23 772 Nursok82
Президенттің «Қуатты аймақтар – қуатты ел» деген ұстанымы Алматы үшін аса маңызды
vesher.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай отырысында еліміздің әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық саясатының басты бағыттарын айқындап, маңызды мәселелерге тоқталды. Оның ішінде салық реформасының маңызы, идеологиялық жұмысты күшейту, мәдениетті қолдау, сондай-ақ өңірлердің дамуы Қазақстанның тұрақты өсуінің негізі екені атап өтілді.

Президенттің «Қуатты аймақтар – қуатты ел» деген ұстанымы Алматы үшін аса маңызды. Ел экономикасының негізгі қозғаушы күші ретінде біздің қаламыз теңгерімді дамуды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Осы тұрғыда салық түсімдерін тиімді пайдалану және қала тұрғындары үшін нақты пайдасы бар жобаларға инвестиция тарту басым бағыттардың бірі болуға тиіс.

Мемлекет басшысының кәсіби-техникалық білім беруді дамыту туралы айтқан ойы да өзекті. Себебі, біздің қаламыз – ғылым мен инновацияның, кәсіпкерліктің орталығы. Өнеркәсіп, технология және креативті салалар үшін білікті кадрлар даярлау – мегаполис экономикасын нығайтып қана қоймай, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар, баяндамасында қоғамдық этиканы реттеу, алаяқтықпен күресу және жат ағымдардың ықпалына қарсы тұру мәселелері көтерілді. Бұл ретте, біз құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды арттыру және қауіпсіз әрі үйлесімді қала ортасын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз.

Жалпы, Президент ұсынған бастамалар – уақыт талабына берілген жүйелі әрі нақты жауап, деп жазды өзінің әлеуметтік желісінде Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отаншиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құрылтай #Мейіржан Отыншиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Кеше 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Кеше 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Кеше 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Кеше 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);