Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесі...

Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті

Әлеумет 31.10.2024, 17:40 877
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесті
Ақорда

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесуде әлемдегі жетекші фармацевтикалық компанияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қызметін кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысына компанияның сапаны бақылау зертханасы мен ғылыми-зерттеу сынақ орталығының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ таяу арада жаңа дәрілік препараттар өндірісін іске қосу жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның фармацевтика индустриясындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және оқу бағдарламаларын енгізу маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерге қажетті дәрі-дәрмектерді жедел жеткізіп бергені үшін польшалық инвесторға алғыс айтты. 

Кездесу соңында Ежи Старак Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі кітап сыйға тартты. Оның біріншісі Polpharma компаниясының демеушілігімен түсіріліп жатқан деректі фильмге арналған. Бұл фильмде Бекет ата, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесенелері, Таңбалы петроглифтері мен Ботай қонысы секілді Қазақстанның киелі жерлері таспаланған.

Екінші кітап – қазақтың белгілі жазушысы, Польшаны басқыншылардан азат етуге қатысқан майдангер Кемел Тоқаев туралы ғұмырбаяндық жинақ. Бұл басылым Польша-Қазақстан тарихы комиссиясының қолдауымен әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #кітап #Ежи Старак
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика