конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент жылыжай технологияларының дамуымен таныс...

Президент жылыжай технологияларының дамуымен танысты

Әлеумет 14.02.2023, 13:00 1,017
Президент жылыжай технологияларының дамуымен танысты
Сурет: Ақорда

Компанияның өнімдері толығымен Қазақстанның ішкі нарығында сатылады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-не барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Президентке жылыжай өнімдері – қияр, қызанақ, бұрыш және басқа да көкөністер мен гүл өсірудің заманауи технологиялары таныстырылды.


Жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 5 гектар. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылы баклажан және құлпынай өсіру бөлімшелерін іске қосу жоспарланып отыр. Компанияның өнімдері толығымен Қазақстанның ішкі нарығында сатылады.


Өңір – ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшылардың бірі. Мұнда ел бойынша дәнді дақылдардың төрттен бірі өсіріледі және үлкен көлемде көкөністер мен құс еті өндіріледі.


Президент өндірілетін өнімнің сапасын бағалап, оның сұранысқа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ компанияның экспорттық мүмкіндіктеріне назар аударды.


Мемлекет басшысы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен әңгімелесті. Кездесу барысында түйткілді мәселелер көтеріліп, отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты конструктивті ұсыныстар айтылды.


Президент жағдайды жіті қадағалайтынын, бизнес ахуалы туралы жедел ақпарат алатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыратынын және ынтымақтастықтың жаңа формалары әзірленетінін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #шаруа #жылыжай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының мәдениет, ғылым, бизнес және жастар қауымдастығы сайлауға белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 21:05

Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жариялады

Бүгін 19:23

Алматыда пәтерге тіркелетіндер саны шектелуі мүмкін

Бүгін 17:31

Текелі омарта өнімдерін жаңа деңгейге шығармақ

Бүгін 17:05

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);