AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де түсі...

Президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де түсіп жатыр

Әлеумет 26.10.2023, 11:31 1,003
Президент атына құттықтау жеделхаттары әлі де түсіп жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Құттықтау жеделхаттары шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан келіп түскен.




Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары толассыз түсіп жатыр, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


ГФР Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер құттықтау жетелхатында Қазақстан мен Германияның өзара сенім мен серіктестікке негізделген қарым-қатынасы соңғы 30 жыл ішінде таңқаларлық деңгейге көтерілгенін атап өтті.



«Елдеріміз арасындағы тығыз байланыстар жоғары деңгейдегі саяси кездесулерде ғана емес, сондай-ақ әртүрлі саладағы табысты ынтымақтастықтан да көрінеді. Германия болашақта да Қазақстанның сенімді серіктесі болып қала береді және Сіздің бастамаңызбен жүргізіліп жатқан реформалардың жалғасуына қолдау көрсетеді», – делінген жеделхатта.



БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлттық мерекемен құттықтап, достас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.


Мысыр Президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси өз жеделхатында екі ел халықтарының жарқын болашағы жолындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін Мысыр мен Қазақстан мол әлеуетке ие екенін жазған.


Иран Президенті Ибрахим Раиси қос мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы белсенді ықпалдастығы екіжақты байланыстардың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.


Сонымен қатар Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Эфиопия Президенті Сахле-Ворк Зевде, Палестина Президенті Махмуд Аббас, Кипр Президенті Никос Христодулидис, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әміреев және басқалар өз құттықтау жеделхаттарын жолдады.


Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #құттықтау жеделхаты #басшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);